ЮКО Жаңалықтар http://ontustik.kz/ Жаңалықтар .Оңтүстік» ӘКК кадрларды ауылда орнықтырудың арнайы жобасын жасады http://ontustik.kz/view.php?id=4196 Wed, 10 Mar 2010 18:05:34 +0600
«Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ауылда кадрларды тұрақтандырудың арнайы жобасын жасады.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне корпорация мен ӘКК-нің бірқатар еншілес кәсіпорындарының басшылары айтты.

Бұған «Оңтүстік» ӘӘК ҰК» АҚ құрамына кіретін ауыл шаруашылығы бағытындағы тоғыз кәсіпорындағы жағдай себепші болды. Мәселен, бүгінде республика аграрлық секторының ірі кәсіпорындарының бірі - қой өсіруге және дәнді дақылдар өндірісіне маманданған «Мерке» асыл тұқымды зауыты» АҚ-да кадр тапшылығы қатты сезіліп тұр. «Жастар ауылға оралғысы келеді, ал агроөнеркәсіптік кешенді ұстап тұрған білікті кадрлар қартайып келеді. Өзіңіз ойлап қараңыз; асыл тұқымды зауыттың бухгалтері 62-ден асты, зоотехник - 65 жаста, менің өзім 57-ге келдім. Енді бес жылдан кейін жұмыс жасайтын адам қалмайды», - дейді зауыт президенті Дүйсехан Садыров. Білікті жас кадрлар жұмыс болғанмен де, ауыл өмірінде тұрмыстық жағдай түзелмесе, ешқандай күшпен әкеле алмайсың.

«Оңтүстік» ӘКК басқарма төрағасы Қайрат Айтуғанов та ауылда лайықты еңбекақы, барлық жағдайы бар жайлы пәтер, автомашина, балалары үшін заманауи мектеп болғанда ғана жастарды ауылға тартуға болады деп санайды. «Кадрлар әлеуетін ауылға оралту үшін біз әлеуметтік топтамасы бар арнайы жоба әзірледік», - дейді Қ.Айтуғанов.

Ауылда басты мәселе тұрғын үй болғандытан, «Оңтүстік» ӘКК «Мерке» асыл тұқымды зауытының жоғары білікті кадрлары үшін Жамбыл облысының Мерке ауданындағы Ақермен ауылдық округінің Кентай ауылында он коттедж салуға кірсті. 2010 жылы маусым айында пайдалануға берілетін әрбір коттедждің жалпы көлемі 970 шаршыметр болмақ. Бір шаршыметрдің құны мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына сәйкес 63,3 мың теңге тұрады.

Коттедждер бір және екі пәтерлік түрінде салынады, қасында 15 сотық жер учаскесі көзделген. Онда қосалқы шаруашылық ұстауға болады. Тұрғын кентінің қасында «Мерке» зауытының қалдықтарымен жұмыс істейтін биогаз қондырғы орнатылады. Әрбір отбасына көтермеақы төлеу де көзделіп отыр. Зауытқа іріктелетін кадрлардың жасы 50-ден аспауы, ерлі-зайыптылардың бірінің мамандығы ауыл шаруашылығы саласына қатысты болуы тиіс. Ал екіншісі - дәрігер, мұғалім, дәрігер болуы мүмкін. Жобаны жүзеге асыруға корпорациямен қатар жергілікті атқару органдары, «Мерке» зауыты қатысады. Бұл шара ауылда кадрларды тұрақтандыру мәселесін шешеді, деп санайды корпорация өкілдері.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Алматыда Қазақстандық қаржы форумы өтіп жатыр http://ontustik.kz/view.php?id=4195 Wed, 10 Mar 2010 18:01:21 +0600
Алматыда Өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу агенттігі мен «Cbonds» қаржы ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен Қазақстандық қаржы форумы өтіп жатыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биылғы жыл Қазақстандық қаржы әлемі мен экономикасы үшін дағдарыстан соңғы сауығу жылы. Сондықтан форумда дағдарыс кезіндегі экономика мен Қазақстанның қаржы нарығы, макроэкономикалық жағдай, Қазақстанда тауар нарығын дамыту, исламдық қаржыландыруды дамыту мәселелері басты тақырып ретінде алынған. Форумның алғашқы күні бұл тақырыптар төңірегінде  Алматы өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу агенттігінің төрағасы Әркен Арыстанов, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Серік Аханов, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Данияр Әкішев, «Қазақстандық қор нарығы»АҚ президенті Қадыржан Дамитов пен ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қызметін реттеу, қадағалау агенттігі төрайымының орынбасары Алина Алдамберген өз пікірлерін білдірді. «Дағдарыс қаржы ұйымдарының қызметіне бірқатар өзгерістер енгізді. Бұл тек Қазақстанда ғана емес әлем бойынша орын алған құбылыс. Дағдарыстан соңғы дамуға бет түзеу әлі де бірқатар өзгерістерді қажет етеді. Сондықтан біз Қазақстанға исламдық қаржыландыру жүйесін енгізуге талпынудамыз. Меніңше бұл бағытта бірқатар жетістіктерге қол жеткіземіз деп ойлаймын. Бүгінгі форум осы бағыттарда ашық диалог құру, қаржы жүйесін дамытуға бірлесіп қол жеткізуге ықпал жасау мақсатында өткізіліп отыр», деді өз сөзінде Ә.Арыстанов.

Бұнымен қатар форумға Ресей, Қырғызстан, Малайзия,  сондай-ақ бірқатар ірі халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдері де қатысуда. Форум ертең де жалғасады. Ертеңгі күннің басты тақырыбы ретінде Исламдық қаржыландыру талқыланады. Бүгінгі форум аясында Investfunds Awards, Cbonds Awards дәстүрлі сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді. Естеріңізге сала кетейік, бұл сыйлық қаржы саласының ең үздік өкілдеріне табыс етіледі.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Мәжіліс 2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға енгізілген өзгерістерді мақұлдады http://ontustik.kz/view.php?id=4194 Wed, 10 Mar 2010 18:00:27 +0600
Бүгін ҚР Парламентінің жалпы отырысында «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бюджетке енгізіліп отырған өзгерістер еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерін нақтылаумен байланысты және Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы Жолдауында жүктелген тапсырмаларды іске асыруға бағытталады. Сонымен  бірге 2010 жылға арналған бюджеттің параметрлері әлемдік тауар нарықтарындағы ағымдағы үдерістермен Қазақстан экономикасы салаларының 2009 жылғы қаңтар-желтоқсандағы дамуы үдерістері негізінде нақтыланған. Нәтижесінде 2010 жылға арналған республикалық бюджет кірістерінің (трансфердттер түсімдерін есепке алмағанда) нақтыланған болжамы 1 трлн. 837,5 млрд. теңге сомасында айқындалып, бұл бекітілген жоспарға қарағанда 103,0 млрд. теңгеге ұлғайды. Республикалық бюджет кірістері ағымдағы жылдан бастап Кеден одағы аумағында қолданылатын бірыңғай кедендік тарифтің енгізілуіне және импорт көлемінің ұлғаюына байланысты 61,3 млрд. теңгеге, негізгі минералдық шикізатқа әлемдік  бағаның 20 пайызға ұлғаюы есебінен түсетін түсімдер бойынша 22 млрд. теңгеге ұлғаяды. Сонымен бірге бюджет жобасында әлемдік тауар нарығындағы оң баға серпінін ескере отырып, мұнайдың әлемдік бағасының болжамы барреліне 50-ден 65 долларға дейін ұлғайтылады. Мұндай есептер Қазақстанның басқа да экспорттық ұстанымдары бойынша келтірілген.

2010 жылы экономиканың өсімі 2,2 пайыз деңгейінде болжанады. Ал инфляция деңгейі 6-8 пайыздық дәліз арасында бағаланып отыр. Жалпы алғанда нақтыланған бюджет параметрлеріне сәйкес түсімдер 3 трлн. 279,4 млрд. теңгені құрайды. Бұл қолданыстағы бюджетке қарағанда 189,4 млрд. теңгеге ұлғайған.  Шығыстар 4 трлн. 182 млрд. теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш түзетілген бюджетке қарағанда 240 млрд. теңгеге артық. Ал бюджет тапшылығы 803,6 млрд. теңгені құрап, жалпы ішкі өнімге шаққанда 4,6 пайызға тең болады.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Қытайдың Хайнань аралында Наурыз мерекесі тойланады http://ontustik.kz/view.php?id=4193 Wed, 10 Mar 2010 17:58:04 +0600
ҚР Сауда-өнеркәсіптік палатасы қытайлық Санья қаласы әкімшілігімен бірлесіп, Хайнань аралында сәуірдің 3-і мен 10-ы аралығында «Наурыз-2010» шарасын өткізеді.

Бағдарламада - семинарлар өткізу, танысу саяхаттарын ұйымдастыру, қазақтың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын таныстыру, қазақстандық эстрада жұлдыздары Нағима Есқалиеваның, Айгүл Бабаеваның және басқаларының қатысумен концерт қою көзделген.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, шара барысында бизнестің әртүрлі салаларындағы іскерлік әріптестіктің мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылады. Аймақтың медицина қызметтерімен, теңіз өнімдерімен, шай, жібек, інжу және басқа да өнімдерімен даңқы шыққан.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Парижде қазақстандық делегация бейбіт мақсаттағы атом энергиясына қол жеткізу жөніндегі халықаралық конференцияға қатысуда http://ontustik.kz/view.php?id=4192 Wed, 10 Mar 2010 17:57:04 +0600
Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев бастаған қазақстандық делегация бұл күндер Парижде өтіп жатқан бейбіт мақсаттағы атом энергиясына қол жеткізу жөніндегі халықаралық конференцияға қатысуда,

деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Оның ашылуында Франция президенті Николя Саркози, Еурокомиссия төрағасы Жозе Баррозу, МАГАТЭ бас директоры Юкио Амано сөз сөйледі. Конференцияға атом энергеиясын тұтынатын және жеткізетін басты елдердің энергетика министрлері қатысуда.

Форумның алғашқы күні қазақстандық делегация Францияның эконлогия, энергетика және орнықты даму министрі Жан-Луи Борломен, Франция атом энергетикасы комиссариатының директоры Бернар Бигомен, АҚШ энергетика жөніндегі Мемлекеттік хатшысының орынбасары Даниэл Понеманмен, «Росат» мемлекеттік корпорациясының басшысы Сергей Кириенкомен  және басқа да делегаиялардың басшларымен және өкілдерімен кездесті.

Конференцияны  Экономикалық ынтымақтастық даму ұйымы және МАГАТЭ француз үкіметінің басшылығымен ұйымдастырды. Басқосуда бейбіт атом өнеркәсібін дамыту, атом энергетикасының орта және ұзақ мерзімді перспективалары, оның елдерді орнықты дамытудағы рөлі талқыланып, пікір алысу көзделген.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Теннис: Қазақстанның ерлер құрамасы «Дэвис кубогының» екінші кезеңіне шықты http://ontustik.kz/view.php?id=4191 Wed, 10 Mar 2010 17:55:38 +0600
Үлкен теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы Азия/Мұхит аймағындағы «Дэвис кубогының» екінші кезеңіне шықты.

Енді мамырдың 7-сі мен 9-ы аралығында өтетін екінші кезеңде біздің команда Қытай құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бірінші кезеңде Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея командасын 5:0 есебімен жеңді. Ал Қытай құрамасы болса 3:2 есебімен Өзбекстан командасынан басым түсті.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Е.Хрусталеваға Алматы облысының әкімі пәтер алуға ақша табыс етті http://ontustik.kz/view.php?id=4190 Wed, 10 Mar 2010 17:54:11 +0600
Бүгін Алматы  облысының әкімі Серік Үмбетов      Ванкувер Олимпиадасының күміс  жүлдегері    Елена  Хрусталеваға   Қаскелеңде  екі бөлмелі пәтер алуға    50 мың      АҚШ долларын  салтанатты  жағдайда  табыс етті.

«Бүгін   біз  Ванкувер  Олимпиадасының     күміс жүлдегері   биатлоншы Елена   Хрусталеваға  құрмет көрсету  үшін жиналып отырмыз, -  деп    бастады  өзінің  құттықтау  сөзін әкім  Серік Үмбетов. -  Елена,  сіздің   табысыңыз    барша қазақстандықтарды қуантып   отыр.       17 күн бойы бүкіл  әлем  Ванкувердегі  Олимпиадаға көз  тікті.    Елена  мен   оның  жаттықтырушыларына,    олардың  спорттық   табыстары  мен   барша  қазақстандықтарға   тарту еткен     қуаныштары үшін алғыс  айтқым  келеді.  Мықты денсаулық,    отбасына    амандық  және спорттық табыстар тілеймін».

Е.Хрусталева    өз кезегінде  облыс әкіміне    алғыс  білдіріп,      кәдесый  ретінде Олимпиада ойындарының символын табыс етті.

Облыс әкімінің  баспасөз қызметінен   хабарлағандай,   С.Үмбетов,  сондай-ақ    Алматы  облысының   биатлоннан аға жаттықтырушысы    Виктор  Смирновқа 752 мың теңге сыйақы  табыс етті.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Қытай Иранның ядролық бағдарламасының бейбіт жолмен шешілуін қолдайды - СІМ http://ontustik.kz/view.php?id=4189 Wed, 10 Mar 2010 17:53:11 +0600
Қытай Иран  ядролық  бағдарламасының   бейбіт жолмен шешілуін   қолдайды.

Бұл туралы сейсенбі,   наурыздың 9-ы күні     Бейжіңде    кезекті   баспасөз мәслихатында   Қытай Халық Республикасы  Сыртқы  істер  министрлігінің  ресми өкілі Цинь Ган  мәлім етті.

Қытай  дипломатының айтуынша, Бейжің   Иранның  ядролық проблемасы  бойынша     бейбіт келіссөз және   дипломатиялық   шаралар жүргізуді әрқашан қолдап  келеді. «Қазіргідей жағдайда    дипломатияға,  бар тараптың   мүдделерін ескере  отырып   консультациялар  мен диалогтар жүргізуге  мүмкіндік бар деп есептейміз.  Қытай мүдделі тараптармен  қарым-қатынасты   жалғастыра бермек»,  деп атап көрсетті Цинь Ганн  өз сөзінде.

Естеріңізге  сала кетейік,     жексенбі,   наурыздың 7-сі күні    Бүкілқытайлық   халық  өкілдері жиналысының аясындағы сессия    аясындағы баспасөз мәслихатында Қытай   Сыртқы  істер министрі Ян Цзечи,  «санкциялар -   Иранның ядролық бағдарламасын шешуге  мүмкіндік беретін    жол  емес  екенін» мәлім еткен еді.  Дипломат  сондай-ақ,    «Иранның  ядролық бағдарламасының  шешімі   қиыншылықтарға    кездескенімен,     дипломатиялық    әлеуеттердің  әлі түгесілмегенін» айтты.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Қарағандылық Екатерина Аидова конькиден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогын жеңіп алды http://ontustik.kz/view.php?id=4188 Wed, 10 Mar 2010 17:52:05 +0600
Қарағандылық  Екатерина  Аидова ақтық  кезеңі Берлинде  өткен    коньки  спортынан   жасөспірімдер  арасындағы  Әлем кубогын  жеңіп алды.

Екатерина   Аидова      осынау  халықаралық жарыстың барлық төрт  кезеңінде  жеңіске  жетіп, абсолюттік  жеңімпаз  атанды.  Естеріңізге сала  кетейік,  Кубоктың  алғашқы кезеңі    Нидерландыда,    Гронинген қаласында өтсе,  екінші  және үшінші кезеңі - Италияның Коллбамбо және  Базельге-ди-Пине қалаларында өтті.   Ақтық   сайысқа    қазақстандық спортшы  Ванкувер Олимпиадасынан  кейін  аттанды.

Е.Аидова   500  және  1 мың  метрлік   спринтерлік  қашықтықтарда бірінші  болып келіп,   жалпы есепте  алтын медальді  жеңіп алды.

Қазір қарағандылық   спортшы    Мәскеуде наурыздың 12-14-інде   жасөспірімдер  арасында  өтетін әлем  чемпионатына     дайындалуда.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Батысқазақстандық диқандар биылғы егіннен мол үміт күтіп отыр http://ontustik.kz/view.php?id=4187 Wed, 10 Mar 2010 17:50:36 +0600
Қыста қардың көп түсуіне байланысты батысқазақстандық диқандар биылғы егіннен мол үміт күтіп отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астықты өңірлердің бірі Сырым ауданында барлық егіс көлемі 70290 гектарды құраса, соның 2590 гектары күздіктің үлесінде. Күздікті есептемегенде, 67700 гектар жерде дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдар орналастырылмақ. Осы егіске қажетті тұқым қоры 7579 тоннаны құрайды. Қазір шаруа қожалықтарында сақтаулы тұрған 3227 тонна бидай-арпа, 72 тонна қыша, 10 тонна мақсары тұқымы бар. «Батысагросервис» ЖШС арқылы 1 мың тонна тұқым алу ойластырылуда.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі Қонысбай Молдағалиевтің айтуынша, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы несие алуға 22 шаруашылықтан 40 млн. теңгеге сұраныс түсіп, құжаттар жинақталуда. Бұл қосымша 1300 тонна тұқым сатып алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ егіс науқанына 1214 тонна жанар-жағар май қажет.

Жалпы, биыл өңірде 504 мың гектарға жаздық дәнді, 42,3 мың гектарға майлы және 9,2 мың гектарға картоп пен бау-бақша дақылдарын егу көзделіп отыр.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Облыс әкімі А.Мырзахметовтың талантты жастармен кездесуі болып өтті http://ontustik.kz/view.php?id=4184 Wed, 10 Mar 2010 17:18:48 +0600
Бүгін, 2010 жылы  10  наурыз сағат 11:00-де Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ  драма театрында облыс әкімі А.Мырзахметовтың талантты жастармен кездесуі болып өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты - облыс әкімінің бастамасымен  облыстың жоғары және арнаулы  орта оқу орындарын биылғы 2010 жылы үздік бітіретін, аса талантты, дарынды, қоғамдық саяси өмірге белсене араласып, мемлекеттік жастар саясатының дамуына үлкен үлес қосып жүрген жастар өкілдеріне қолдау көрсету және олардың әрі қарай дамуына жағдай жасау.

Кездесуде үздік студент жастармен  Елбасының Жолдауына сәйкес алдағы міндеттер және оларды жүзеге асыру жолдары талқыланды.

Елбасының  Жолдауда айтқан 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясының  жүзеге асырылуына бүгінгі үздік  мамандар өз үлестерін қосып,  ат салысатын болады.

Қазіргі таңда облыстағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарын үздік бітіретін жастардың тізімдері жасақталып, олардың оқуды аяқтағаннан кейін мамандықтары бойынша тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Талантты жастарды қолдауды үйлестіруді  облыстық ішкі саясат басқармасының «Жастар орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жүзеге асырады.

Жастар орталығына келесі міндеттер  жүктелуде - жастардың өркениетті Қазақстан талабына сай жан-жақты азамат болып қалыптасуына, оқуды жаңадан бітірген үздік мамандарды мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуы үшін жағдай жасау, біліктілігін, бәсекелестік қабілетін нығайту, ғылым-білімге және руханиятқа қызығушылығын арттыруға үлес қосады.

Бүгінгі кездесуге облыс, қала  басшылығы, облыстық басқармалар  басшылары мен жоғары және  арнаулы орта оқу орындарының  басшылары, жастар қоғамдық ұйымдарының  жетекшілері, бұқаралық ақпарат  құралдарының өкілдері қатысты.

Кездесуде облыстың дарынды студент  жастары өздерінің көкейлерінде  жүрген мәселелері мен оларды  шешу жолдарын ұсынды.

Бұл бастама арқылы талантты, үздік, болашақ жас мамандардың  жұмыспен қамту мәселелері өз  шешімін табатын болады.

Ақпарат көзі: Оңтүстік Қазақстан
Жүз жыл тойланған мереке http://ontustik.kz/view.php?id=4183 Wed, 10 Mar 2010 15:35:58 +0600
8 наурыз  мерекесiне биыл 100 жыл  толып отыр. Тарихтан белгiлi, 1910 жылы  Копенгагенде өткен социал әйелдердiң II халықаралық конференциясында Клара Цеткиннiң ұсынысы бойынша әйелдердiң  экономикалық, әлеуметтiк және саяси теңдiк үшiн күрескен күнi ретiнде осы дата халықаралық мерекеге айналды. Ал, 1911 жылы алғаш рет Германия, Австрия, Швейцарияда, 1913 жылы Ресейде бұл күн әйелдер мерекесi ретiнде тойлана бастады.

1914 жылдан бастап барлық ел жаппай халықаралық әйелдер күнiн атап өтудi дәстүрге айналдырды. Әсiресе, социалистiк емес елдерде бұл күн әйелдердiң теңдiк алу, әлеуметтiк прогресс үшiн күресу күнi ретiнде аталып өтiлдi.

К.Цеткиннiң бастамасын Надежда Крупская да қызу қолдаушылардың бiрi болды.

Ал, қазақ даласында әйел теңдiгi күнiн тойлау  1924-25 жылдары бой көтере бастады. 1926 жылы қазiргi «Қазақстан әйелдерi», бұрынғы «Әйел теңдiгi» журналы жарық көрдi. Қазақ қыздары арасында белсендi, партия iсiне адал азаматтар көп болды. Мысалы, 1925 жылы Жоғарғы кеңеске делегат 10722 әйелдiң 3136-сы қазақ болатын.

Жаңа өмiр бастауға, қоғамның белсендi мүшесi болуға ер азаматтардан артық тер төкпесе, кем  еңбек сiңiрмеген қазақтың қыз-келiншектерi арасынан А.Оразбаева, Н.Арықова, С.Есова, М.Бегалиева, Б.Қожанова, М.Бейсенова, К.Байсейiтованың есiмдерi мақтанышпен аталды.

Ал, 8 наурыз мерекесiн атауды ұсынған Клара Цеткин қайтыс болған соң Мәскеуге, Қызыл алаңға жерлендi.

Ақпарат көзі: Оңтүстік Қазақстан

Қазақстан мен АҚШ кәсіпқой бокшылары арасындағы матч 4:2 есебімен аяқталды http://ontustik.kz/view.php?id=4159 Tue, 09 Mar 2010 14:01:22 +0600
Наурыздың 5-і күні АҚШ-тың Хьюстон қаласында АҚШ пен Қазақстанның кәсіпқой бокс шеберлері арасында халықаралық матч өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шаршы алаңға бірінші боп  шыққан Тұрсынбек Сыдықов Альберто Филисианоны техникалық нокаутпен ұтты. Алайда оның жеңісті жолын жалғастыра алмаған  Берік Қалиев Хулио Сеза Ренгеге,  Абзал Адамбеков Дил Гарсияға ұпай саны бойынша ұтылды. Осылайша  жарыс қожайындары 1-2 есебімен  басымдық ала бастаған кезде  Иса Ақбербаев Исаак Вилануэвоны, Міржан Жақсылықов Аванто Гонсалестің осал тұсын тапты.  Соның нәтижесінде 4-2 боп аяқталған бұл кездесу қазақстандық боксшылардың пайдасына шешілді. Халықаралық матч кезінде  ережесіз жекпе-жек шеберлері арасында да сайыс өтті. Онда  әлемнің 3 дүркін  чемпионы Ардақ Назаров Роки Логаны есінен тандырды.

Ақпарат көзі: Казинформ
Қазақстандық спортшы грек-рим күресінен өткен «Голден Гран-при» халықаралық турнирінің күміс жүлдегері атанды http://ontustik.kz/view.php?id=4158 Tue, 09 Mar 2010 13:59:22 +0600
Қазақстандық   спортшы  Марат Ғарипов     Иранның Гом қаласында  грек-рим күресінен өткен  «Голден Гран-при»     халықаралық турнирінің   күміс жүлдегері атанды.

Жамбыл облысының    грек-рим күресі бойынша аға жаттықтырушысы     Серік Қалдықұлов  хабарлағандай,     Қазақстан  құрамасының мүшесі,   жамбылдық атлет  Марат  Ғарипов    55 келіге дейінгі салмақ санатында күміс жүлдегер  атанды.

Ақпарат көзі: Казинформ

Елбасы таяуда әкімдер мен министрлерді жинап, индустрияландыру бағдарламасына қатысты кеңес өткізеді - Премьер-Министр http://ontustik.kz/view.php?id=4157 Tue, 09 Mar 2010 13:57:40 +0600
Таяуда  Мемлекет басшысы облыс әкімдерін және министрлерді жинап, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша кеңес өткізеді. Онда аталмыш бағдарламаға қатысты түпкілікті шешім қабылданады. Бұл туралы бүгін селекторлық форматтағы Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов айтты, деп  хабарлайды ҚазАқпарат.

Премьер-Министр бағдарлама аясында өтініш берілген барлық жобалар және жобалардың бекітілген мерзімдері дер кезінде орындалуы тиістігін атап көрсетті. Әрбір жобаға дербес жауап беретін  адамдар бар. Менің ойымша, осы аптада бұл мәселеге қатысты соңғы нүкте қойылады. Одан кейін бағдарламаны орындауға кірісу қажет. Облыс әкімдері  өз өңірлерінің аумағындағы жобаларға тікелей жауапты екендігіне тағы да назар аудартқым келеді. Бұл сіздердің жасап жатқан жұмыстарыңыз бағаланатын критерийлердің бірі», деді Үкімет басшысы әкімдерге қаратып айтқан сөзінде.

Премьер-Министр индустрияландыру бағдарламасы бойынша жұмыстар республикалық басқарушы орталық арқылы жүргізілетінін атап көрсетті. «Бүгін орталықтың екінші отырысы өтті. Өмірзақ Естайұлы мен Әсет Өрентайұлы өңірлерге шығып, туындаған мәселелерді шешуде. Мен де аймақтарды аралайтын боламын», деді К. Мәсімов.

Ақпарат көзі: Казинформ