|
Ұлды, қызды асырап алу
Ұлды (қызды) асырап алғандығы туралы куәлікті алу үшін қажетті құжаттар тізімі Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлды (қызды) асырап алғандығы туралы куәлікті алулары · Бала асырап алу туралы өтініш · Сот шешімінің күшіне енгендегі шешім қағазының көшірмесі · Неке туралы куәлік · Неке туралы куәлік көшірмесі · Баланың туу туралы куәлігі · Асырап алушының жеке куәлігі · Асырап алушы құжаттарының көшірмесі Мемлекеттік баж салығы алынбайды. Шетел азаматының бала (ұлды, қызды) асырап алғандығы туралы куәлікті алулары · Бала асырап алу туралы өтініш · Бала асырап алу туралы заң күшіне енген сот шешімінің көшірмесі · Туу туралы куәлік · Есептік көрсеткіштің 200 пайыздық көлемдегі мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртегі · Асырап алушының жеке куәлік көшірмесі · Асырап алушының мемлекеттік тілге немесе орыс тіліне аударылған жеке куәлік көшірмесі · Неке туралы куәлік · Неке туралы куәліктің мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған, нотариуспен рәсімделген көшірмесі Ескерту: егер құжат аудармалары Қазақстан аумағынан тыс жерде жасалған болса, заң бойынша құжаттар расталуы керек Мемлекеттік баж бағасы – 1942 тг. Егер бала тиісті аймақтан тыс жерде туылған болса, ҚР азаматының бала асырап алғандығы туралы куәлікті алуы · Бала асырап алу туралы өтініш · Сот шешімінің күшіне енгендегі шешім қағазының көшірмесі · Неке туралы куәлік · Неке туралы куәлік көшірмесі · Баланың туу туралы куәлігі · Асырап алушының жеке куәлігі · Асырап алушы құжаттарының көшірмесі Егер бала сол аймақта туылмаған болса, шетел азаматының бала асырап алу туралы куәлікті алуы · Бала асырап алу туралы өтініш · Бала асырап алу туралы заң күшіне енген сот шешімінің көшірмесі · Туу туралы куәлік · Есептік көрсеткіштің 200 пайыздық көлемдегі мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртегі · Асырап алушының жеке куәлік көшірмесі · Асырап алушының мемлекеттік тілге немесе орыс тіліне аударылған жеке куәлік көшірмесі · Неке туралы куәліктің мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған көшірмесі Мемлекеттік баж салығы - 1.942 тг. Ұлды (қызды) қалай асырап алуға болады? Баланы асырап алу үшін ең алдымен қорғау, қамқорлық органының асырап алу себебі туралы және асырауға берілетін бала мен асырап алушы арасындағы жеке қарым-қатынастың үйлесімділігі туралы қорытындыға келуі керек. Асырап алушының міндеттері мен хұқығы соттың қабылдаған шешімімен кейін ғана күшіне енеді. Сот асырап алу туралы шешім қабылдаған кезден бастап үш күн ішінде азаматтарды некелестіру органына ізіндеме қағаз жіберу керек. Мына жағдайда асыраушы бола алмайды: · Сот іс-әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектелген деп шешкен тұлға; · Екі жұптың біреуі сот шешімімен іс-әрекет қабілеті шектелген деп танылған тұлға; · Сот арқылы ата-хұқығынан айырылған немесе ата-ана хұқығы шектелген тұлғалар; · Заңды міндеттерін орындай алмаған қамқоршы міндеттерінен алыстатылған тұлғалар; · Өз кесірінен асырап алу хұқығы сотпен жойылған бұрынғы асырап алушылар; · Денсаулығы ата-ана хұқына кедергі болған тұлғалар; · Некеде жоқ тұлғалар. Бала асырап алушының бала таңдаудағы міндеттері: · Баланың бас жұмысымен таныса отырып, асырауға берілетін баланың денсаулығы туралы медициналық комиссия берген анықтамамен танысу; · Анықтамамен танысып, қол қою керек. Тәжірибе барысында асырап алушылардың көпшілігі баланың денсаулығымен таныспай асырауға алып, кейіннен баланың да асырап алушының да трагедиялық жағдайға тап болған жәйттер кездесті. Сондықтан асырап алушы міндетті түрде өз қаржысымен баланы медициналық тексеруден өткізуі тиіс. · Асырауға берілетін баланың ата-анасы туралы мәліметпен танысу қажет. Ата-анасының жоқтығы немес сот шешімімен анықталған ата-ананың шектелген мүмкіндіктері туралы куәлік болуы керек. Мысалы, анасы ата-ана хұқығынан айырылып, ал әкесі бостандықта болмаса, ондай баланы әкесінің бостандыққа шықпайынша әке келісімінсіз асырауға бермейді. Кәмелетке толмаған ата-аналардың баласын асырап алу · Жасы кәмілетке толмаған ата-ана баласын асырап алу тек ата-ананың келісімі арқылы немесе ата-анасы болмаған жағдайда қамқорлыққа алған адамның немесе қамқорлық органдарының келісімінсіз жүзеге аспайды. · Баланы асырауға беру туралы рұқсат нотариуспен заңдалған түрде мекеме жетекшілерінің өтінішінде айтылады. Бұл ата-анасының тұрғылықты мекен-жайы бойынша немесе ата-анасыз баланы қамқорлыққа алған орган арқылы жасалады. Немесе бұл туралы асырап алуға байланысты сот барысында айтылады. · Ата-ана баласының асырауға беру туралы шешімдерін сот шешімінен бұрын айта алады · Ата-ана баланы өзі білетін тұлғаға немесе жалпы асырап алуға рұқсат ете алады. Мұндай шешім тек бала өмірге келген соң жүзеге асады. Баланы асырап алу үшін ата – ананың рұқстаты қандай жағдайда қажет емес Мынадай жағдайда ата-ана келісімінсіз баланы асырап алуға болады: · Сот шешімімен ата-анасы хабарсыз жоғалған деп танылса; · Сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылса; · Сотпен ата-ана хұқығынан айырылғандар; · Белгілі себептермен алты ай бойы баланы қараусыз қалдырып, оны асырап, тәрбиелеуден бас тартқандардың сот шешімімен ата-ана болуға жарамсыз деп танылғандар; · 10 жасқа толған баланы асырап алу үшін міндетті түрде баланың келісімі керек, егер бала бұған дейін асырап алушымен бірге тұрып оны өз ата-анасындай көретін болса, онда бала келісімі қажетсіз; · некеде жоқ адамдардың бала асырап алушының өтінішімен баланың аты-жөні қалау бойынша өзгертіледі; · 10 жасқа толған баланың аты-жөнін өзгерту асырауға берілген кезде бала келісімімен жүзеге асады; · асырауға берілген баланың аты-жөнін өзгерту туралы шешім асырап алудағы сот үстінде көрсетіледі. Асырауға берілген баланың туған жерін, айын, күнін өзгерту Баланы асырап алуда оның туған жерін, айын, күнін өзгерту үш ай ішінде өзгертіледі, мұндай өзгерту тек бір жасқа дейінгі баланы асырап алуда жүзеге асырылады. Туған жерін, айын, күнін өзгерту туралы сот процесінде айтылады. Ақпарат көзі: е-gov.kz\Жанұя\ Ұлды, қызды асырап алу
|