Оңтүстік Қазақстан облысының
2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындысы
Өнеркәсіп. 2009 жылы облыста 247,7 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,6% құрады.
Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнімі көлемінің 21,6% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өнім өндіру көлемі – 53,4% өсіп, 53,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өнім өндіру көлемінің ұлғаюы отын-энергетикалық пайдалы қазбалар өндірісінің 54,3% артуының есебінен орын алды.
Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 68,3%) өнімінің нақты көлем индексі – 104,5%, немесе өнім көлемі 169,2 млрд. теңгені құрады.
Аса маңызды өнімдердің ішінде ет өндіру – 0,6% (өндірілгені 8,1 мың тонна), сүт – 1,0%-ға (14,7 мың тонна), ұн өндіру – 25,3% (583,9 мың тонна), нан – 0,4% (160,2 мың тонна), мазут – 7,6% (785,8 мың тонна), цемент – 8,8% (953,9 мың тонна), электр энергиясы – 20%, (1,4 млрд.кВт/сағ.) және табиғи су – 5,1% (62,6 млн. м3 ) артқан.
Сонымен қатар, бензин өндіру – 3,8%-ға (өндірілгені – 810,6 мың тонна), керосин – 12,6% (240,1 мың тонна), газойльдер – 9,4% (1276,3 мың тонна), құрылыс кірпіштері – 57,2% (112,1 мың текше метр), әк – 47,8% (36,2 мың тонна), мақта иірімжібі – 28,4% (8,7 мың тонна), мақта маталары – 13,6% (34 млн. шаршы метр) кеміген. 97,2 мың тонна мақта талшығы өндірілді, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 70,7% құрады.
Өнеркәсіп өнімі көлемінің 10,1% құрайтын электр қуатын, газ бен суды өндіру және бөлу саласында өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңіне 104,9%, немесе 25 млрд. теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығы. 2009 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі, (ағымдағы республикалық бағада) 158,2 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2%-ға артты.

Ауылшаруашылық өнімінің облыс бойынша жалпы көлемінің – 17,2%, немесе 27,2 млрд. теңгесі – Мақтаарал ауданының тауар өндірушілеріне, Сарыағаш ауданы – 16,4%, немесе 25,8 млрд.теңге, Сайрам ауданына – 13,4%, немесе 21,1 млрд.теңгесі тиесілі.
2009 жылы облыстың барлық шаруашылық санаттарында 154,6 мың тонна – ет (тірідей салмақта), 607 мың тонна – сүт, 243,1 млн. дана – жұмыртқа өндірілді, немесе тиісінше, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне – 101,7%, 101,6% және 98,9% құрады.
2010 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша, облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны – 765,3 мың басты, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 106,9%, қой – 3174 мың бас, немесе 105,7%, ешкі – 416,9 мың бас, немесе 101,0%, жылқы – 151,5 мың бас, немесе 105,2%, түйе – 16,4 мың бас, немесе 108,2%, шошқа – 35,4 мың бас, немесе 107,5%, құс саны – 2332,7 мың бас, немесе 109,8% құрады.
Көлік және байланыс. Жедел деректер бойынша, темір жол көлігінен басқа, облыста барлық көлік түрлерімен 69,3 млн. тонна – жүк және 1115,1 млн. – жолаушы тасымалданған, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне – тиісінше, 100,0% және 105,2%.
Әуе көлігімен жүк тасымалдау – 53,6%-ға, жолаушылар тасымалдау – 40,7%-ға артып, тиісінше, 596 тонна – жүк және 450,2 мың – жолаушы тасымалданды.
Байланыс кәсіпорындары 7409,1 млн. теңгеге қызмет көрсетті, бұл 2008 жылды салыстырғанда 1,1% кеміген. Халыққа көрсетілген қызметтің үлесі 67,3%-ды құрады.
Бұрынғысынша жалпы табыс көлемінде басым үлес – халықаралық және қалааралық телефон байланысына (34,6%), жергілікті телефон байланысына (32,9%), интернет – 15,8%, телерадиобағдарламаларды тарату – 8,1%, пошта қызметіне – 5,0% тиеселі.
Шағын кәсіпкерлік. ОҚО статистика департаментінің мәліметі бойынша 2010 жылдың 1-қаңтарындағы облыс рыногында белсенді жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 111,4 мың бірлікті, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 99,8% құрады.
2009 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің шығарған өнімі (тауарлары, көрсеткен қызметі) 153,5 млрд. теңгені, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 97,0% құрады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны 261,7 мың адамды құрады (98,1%).
Инвестиция саласы. 2009 жылда облыс экономикасын дамытуға, жасырылған және формальді емес қызметті қоса есептегенде, негізгі қорға 311,7 млрд. теңге инвестиция бағытталды, бұл 2008 жылымен салыстырғанда 52,2%-ға кем.

Облыстың басым аймақтарында инвестиция көлемінің ұлғаюы байқалады. Негізгі қорға бағытталған инвестиция көлемінің Шардара (14,0 есеге), Қазығұрт (10,7 есеге), Түлкібас (7,4 есеге) аудандарында айрықша өсімі орын алды.
Облыстың 8 аймағында инвестиция көлемінің кемуі байқалады. Ең төменгі көрсеткіш Түркістан қаласында – 42,5% және Ордабасы ауданында – 61,1% деңгейінде орын алды.
Негізгі қорға бағытталған инвестицияның негізгі қаржы көздері шетел инвестициялары болып табылады, оның үлесіне жалпы игерілген инвестиция көлемінің – 50,8%, немесе 158,4 млрд. теңгесі тиесілі. Инвестицияның негізгі бөлігі Азиялық газ құбырлары құрылысына бағытталған.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың және халықтың өз қаржылары есебінен тартылған инвестициялардың үлесі 16,5%, немесе 51,2 млрд. теңгені құрады, жергілікті бюджет қаржылары есебінен, тиісінше, 3,7%, немесе 11,7 млрд. теңге, республикалық бюджеттен – 22,5%, немесе 70,2 млрд. теңге.
Инвестиция салымының басымды салалары көлік және байланыс (жалпы инвестиция көлемінің – 49,7%), білім (9,1%), өнеркәсіп (22,9%), жылжымайтын мүлікпен операция жасау, жалға беру және кәсіпорындарға қызмет көрсету саласы (4,5%), құрылыс (1,8%) болып табылады.
Мемлекеттік инвестициялар. 2009 жылы кешендердің құрылысы мен қайта құрылысына қаралған бюджет қаржысының жалпы көлемі 50 887,7 млн. теңгені құрады, оның ішінде:
- республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер есебінен, ипотекалық тұрғын үй құрылысына қаралған несиелерді қосқанда – 41 871,8 млн. теңге);
- жергілікті бюджет қаржысы есебінен – 9 015,9 млн. теңге.
Жалпы қаралған қаржының негізгі бөлігі (49,6%) «Білім беру» саласына тиесілі. Аталған салаға 2009 жылы 25 230,7 млн. теңге қаралды.
«Ауыз сумен жабдықтау» саласының үлесі – 9,8%, немесе 2009 жылы бұл саланы дамытуға 4 975,1 млн. теңге қаралды.
Жалпы қаралған қаржының 10,1% «Денсаулық сақтау» саласына тиесілі. Аталған саланың кешендерінің құрылысына 2009 жылға 5 123,5 млн. теңге қаралған.
Тұрғын үй құрылысын дамыту. 2009 жылда тұрғын үй құрылысына 5 765,6 млн. теңге инвестиция бағытталған, бұл 2008 жылымен салыстырғанда 71,2%-ға кем.
Барлық меншік түрлері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдар және халықтың қаржысы есебінен жалпы алаңы 178,9 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер салынды, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 70,6%-ға кем. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің 69,1% халықтың өз қаржысы есебінен тұрғызылды.
Облыс бойынша іске қосылған тұрғын үй көлемінде едәуір үлесті Шымкент қаласы (41,8%), Түркістан қаласы (6,6%) және Мақтаарал ауданы (7,9%) алады.

Отырар ауданында пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,0 есеге өскен. Бірақ, облыстың басым аймақтарында пайдалануға берілген үй көлемінің кемуі орын алды.
Сыртқы сауда. Кедендік бақылау комитетінің мәліметі бойынша, 2009 жылдың қаңтар-қарашасында облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі 2192,2 млн. АҚШ долларын құрады, немесе 2008 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда 29%-ға кем.
Сыртқы сауда айналымының негізгі бөлігі (61,1%) экспорттың еншісінде. 2009 жылдың қаңтар-қарашасында 1340,3 млн. АҚШ доллары көлемінде тауарлар экспортталды, немесе 2008 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда – 33,9%-ға кем.
Импортталған тауарлар – тиісінше, 851,9 млн. АҚШ долларын құрады, немесе 19,4% кеміді. Сыртқы сауда айналымындағы импорттық түсімдердің үлесі 38,9% құрады.
Сауда балансының оң қалдығы қалыптасып, 488,4 млн. АҚШ долларын құрады (2008 жылдың қаңтар-қарашасында оң – 971,3 млн. АҚШ доллары).
Салықтық-бюджеттік сала. 2009 жылда мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдердің көлемі 120,4 млрд. теңгені құрады, немесе жоспар 16,8% артық орындалды. 2008 жылмен салыстырғанда түсімдер – 5,2%-ға өсті.
Республикалық бюджетке 80,5 млрд. теңге түсті, бұл түсімдердің жалпы көлемінің – 66,9% құрайды. Жоспар 25,4% артығымен орындалып, 2008 жылмен салыстырғанда 6,8% кеміді.
2009 жылда жергілікті бюджетке 40,0 млрд. теңге түсіп, жоспар – 102,5% орындалды және 2008 жылына 102,6% құрады.

Ақша-несие саясаты. Жыл басынан бері екінші деңгейлі банктер 40,8 млрд. теңге көлемінде несиелер берілді, бұл 2008 жылдың деңгейімен салыстырғанда 45,4% кем. Ипотекалық несиелендіруге 4 128 млн. теңге сомасында несие берілді, немесе 1,6%-ға кем.
Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға берілген несиелердің көлемі 18,2 млрд. теңгені құрады, немесе 2008 жылдың деңгейімен салыстырғанда 45,5%-ға кем.
Екінші деңгейдегі банктер несиесі негізінен сауда саласын дамытуға – несие салымдарының жалпы көлемінің 41,0%, ал жеке тұлғаларға тұтыну мақсатында – 30,2%, қызмет көрсету саласына – 7,6%, өнеркәсіпке – 7,0%, құрылысқа – 6,5%, ауыл шаруашылығына – 2,6%, көлікке – 1,4%, басқа да салаларға – 3,7% берілген.
Халықтың өмір сүру деңгейінің көтерілуіне байланысты олардың облыстың банктеріндегі салымдары мен депозиттері артуда. 2009 жылдың 1-желтоқсандағы жағдай бойынша, облыс банктеріндегі халық салымының көлемі 33,5 млрд. теңгені құрады, яғни, 2008 жылдың 1-желтоқсанымен салыстырғанда 21,9% артық. Халық салымдарының басым бөлігі (65,9%) ұлттық валютада.
Бағалар. Тұтыну бағасының индексі 2009 жылда 2008 жылымен салыстырғанда 106,0% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы – 4,9%-ға, азық-түлік емес тауарларының бағасы – 9,7%, ақылы қызмет бағасы – 4,3%-ға өскен.
Азық-түлік тауарларының ішінде қант және кондитерлік өнімдер – 24,0%, ет және ет өнімдері – 7,6%, балық және теңіз өнімдері – 6,2%, сүт және сүт өнімдері – 6,3%-ға қымбаттады. Май және тоң май бағасы 9,3%, жемістер мен көкіністер – 4,1% төмендеді.
Азық-түлік емес тауарларының ішінде киім және аяқ-киім бағасы –8,3%-ға; ақылы қызметтен – денсаулық сақтау қызметі – 21,9%, байланыс қызметі – 11,5%, көлік қызметі – 7,3%-ға қымбаттады.
Халықты әлеуметтік қорғау. 2010 жылдың 1-қаңтарына алдыңғы жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 14,7%-ға артып, 32 243 адамды, немесе облыс халқының – 1,3% құрады.
48,6 мың адамға 359,0 млн.теңге мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Сонымен қатар, 59,8 мың отбасының 18 жасқа дейінгі 216,5 мың балаларына 2 475,8 млн.теңге мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы төленді. 18 764 отбасыға 484,9 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі көрсетілді.
Демография. 2009 жылдың 1-желтоқсанында облыс халқының саны 2 426,3 мың адамды құрады, оның 911,3 мыңы – қала халқы (37,6%), 1 515,0 мыңы – ауыл халқы (62,4%).
2009 жылдың қаңтар-қарашасында халық саны табиғи өсу есебінен 54,3 мың адамға (2008 жылдың қаңтар-қарашасымен – 97,1%) артты. Яғни, 68,7 мың – туу (96,1%) тіркеліп, өлгендер саны – 14,3 мың адамды (91,7%), оның ішінде шетінеген сәбилер саны 1 450 адамды (98,0%) құрады.
Жұмыспен қамту. Статистика органдарының мәліметі бойынша, 2009 жылдың ІІI тоқсанында облыста экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 1 133,3 мың адамды, жұмыссыздар саны 73,0 мың адамды, жалпы жұмыссыздық деңгейі 6,4% құрады.
2010 жылдың 1-қаңтарында облыс бойынша 9 560 жұмыссыз тіркелген, ал тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,84% құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсанында жұмысқа орналастыруға өтініш білдірген 36 200 жұмыссыздың – 30 288, немесе 83,7% жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық ақылы жұмыстарға 9 771 ресми тіркелген жұмыссыздар тартылды.
Облыста 19 070 жаңа жұмыс орны, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 1 515, денсаулық сақтау саласында – 1 889, құрылыс және коммуналдық шаруашылық салаларында – 2 297 жұмыс орны құрылды.
Халықтың табысы. Еңбек ақы. 2009 жылдың қазанында облыс халқының орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 22 532 теңгені құрады, бұл 2008 жылдың қазанымен салыстырғанда 22,0% артық. Нақты ақшалай табыс 16,0%-ға артты.
2009 жылдың қаңтар-қарашасында кәсіпкерлікпен айналысатын шағын кәсіпорындарды қоспағанда, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 48 048 теңгені құрап, 2008 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда 16,7% өсті.

Орташа облыстық көрсеткіштен жоғары орташа айлық жалақы мөлшері Созақ (2,1 есе артық), Отырар (6,4%) аудандарында, Арыс (6,1%) және Шымкент қалаларында (4,2%) қалыптасты.
Денсаулық сақтау. Облыстың денсаулық сақтау саласы бойынша 2009 жылы 11 денсаулық сақтау кешендерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 5 нысан, жергілікті бюджеттен – 6 нысан.
Күрделі жөндеу жұмыстарын перинаталды орталықта, медициналық жедел жәрдем станциясында, сонымен қатар, облыстық клиникалық ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Жергілікті бюджет қаржысы есебінен денсаулық сақтау кешендерінің құрылысына 947,2 млн.теңге, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге – 3 287,0 млн. теңге, оның ішінде 92,3 млн. теңге жоба-сметалық құжаттар әзірлеуге қаралды.
Облыста адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышының (ВИЧ) алдын-алу және оқшаулау жұмыстары жүргізілуде. Онтүстік Қазақстан облысында АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын-алу мен емдеу 2007-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама бекітіліп, 2009 жылға іс-шараларды жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен – 150,8 млн.теңге, облыстық бюджеттен – 528,6 млн.теңге бағытталды.
Білім беру. Облыста 28,5 мың көлемінде тәрбиеленушісі бар 244 мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері жұмыс істейді, оның 28-і шағын орталықтар. Балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етілуі 14,4% құрайды.
2009-2010 оқу жылында жалпы білім беру мектептері мен мектеп-интернаттарының саны – 1031, ондағы оқушылар саны – 529 мың адамды құрады, оның ішінде жекеменшік мектептер саны – 6, ондағы оқушылар саны – 1,2 мың.
2010 жылдың 1-қаңтарында Интернет жүйесіне 965 мектеп қосылған, бұл барлық мектеп санының 95,4% құрады, оның ішінде 786 – ауыл мектептері. 1007 мектеп, оның ішінде 823 ауыл мектептері – байланыс жүйелеріне қосылған. Интернет желісіне қосылған жалпы білім беру мектептерінің үлесі байланыспен қамтылған мектептердің жалпы санының 95,8% құрайды. Облыс мектептері 23,8 мың бірлік компьютерлік техникамен жабдықталған, немесе бір компьютерге 21,5 оқушыдан келеді.
Спутниктік оқу телеарналары арқылы қашықтықтан оқыту жүйесіне 447 мектеп қосылған. Облыс мектептері 545 мультимедиялық-лингафондық кабинеттермен жабдықталған және 215 мектепке 1075 интерактивті тақталар орнатылған.
Облыста жалпы білім беру кешендерінің құрылысы мен қайта құрылысына бағытталған республикалық және жергілікті инвестициялық жобалар іске асырылуда. 2009 жылы республикалық бюджеттен бұл мақсатқа 4112,5 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 3119,9 млн.теңге қаралды.
2009/2010 оқу жылында орта білімді мамандар даярлаумен 12,9 мың оқушысы бар 25 кәсіптік лицейлер айналысады. Сонымен қатар, 66 колледж (оның ішінде 18 – мемлекеттік) жұмыс істейді. Колледждердің жалпы контингенті 64,3 мың оқушыны (оның ішінде 29,7 мың оқушы мемлекеттік колледждерде) құрады.
Облыста жоғары білікті мамандар даярлаумен 12 дербес жоғарғы оқу орны (оның ішінде 3 – мемлекеттік), сонымен қатар, 2 филиал (1 – мемлекеттік) айналысады. Оларда 77,7 мың студенттер оқиды, оның ішінде 39,1 мың студент – мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында оқиды.
ҰБТ қорытындысы бойынша тестке 20221 оқушы қатысқан. Облыс бойынша орташа көрсеткіші 70,76 балды құрады, бұл республикалық көрсеткіштен (74,85) төмен және өткен жылғы облыстық орташа көрсеткіштен (62,80) жоғары.
Облыс бойынша жақсы көрсеткіш Түлкібас – 82,86, Төлеби аудандарында – 81,51 және Шымкент қ. – 78,42 орын алды. Төменгі көрсеткіш Сарыағаш – 63,35, Отырар – 65,36 және Мақтаарал аудандарында – 65,92 балл деңгейінде орын алды.
ҰБТ қатысқан бітірушілердің 17,2%-ы ең төменгі деңгейдегі 0-45 балл жинады. «Алтын белгіге» үміткер 586 бітірушінің ішінен 327-і өз білімін дәлелдеді.
Мәдениет. Облыста 431 кiтапхана, 12 – мұражай, 287 – клубтық мекеме (мәдениет үйлерi, клубтар, автоклубтар), 8 – театр, 7 – мәдени және демалыс саябағы, 2 – кинотеатр және т.б. халыққа мәдени қызмет көрсетуде.
Есепті кезеңде 3 027 экскурсия, 400 көрме ұйымдастырылды, түрлі тақырыптарда 1 014 лекция оқылып, 367 түрлі іс-шаралар өткізілді.
Спорт.Облыста жұмыс істейтін 3 529 – спорт ғимараттары, оның ішінде 21 – стадион, 18 – жүзу бассейні, 2 443 – жазық-алаңшалық ғимараттар – халықтың, оның ішінде оқитын жастардың арасында көпшілік спорттық-сауықтыру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
Есепті кезеңде облыс спортшылары ҚР біріншіліктеріне, чемпионаттарына, кубоктарына қатысып, 258 алтын, 224 күміс және 264 қола медальдарын иеленді. Сонымен қатар, Әлем чемпионаттары және Азиялық жарыстарға қатыса отырып, 57 алтын, 27 күміс және 33 қола медаль жеңіп алды.