|
Өлшем құралдарын бастапқы салыстырып тексеру (калибрлеу) нәтижелерін тану
Өлшем құралдарына салыстырып, тексеруді (калибрлеуді) жүзеге асыратын шетел фирмаларының метрологиялық қызметтері, зертханалары немесе өзге де бөлімшелері (бұдан әрі шетел фирмаларының метрологиялық қызметі) жүргізетін өлшем құралдарын бастапқы салыстырып, тексеру (калибрлеу) нәтижелерін тану «Шетел метрологиялық ұйымдары жүзеге асыратын өлшем құралдарын бастапқы салыстырып, тексеру (калибрлеу) нәтижелерін тану тәртібі» 2.40-2002 ҚР СТ мемлекеттік стандарттқа сәйкес жүзеге асырылады.
ТМД-ға қатысушы елдердегі бастапқы салыстырып, тексеру (калибрлеу) нәтижелерін тану 06-2001 көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.
Сынақ нәтижелері танылған және сынақ түрін бекітілген түрге сәйкестігіне бекітілген жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган өндірістен өлшем құралдарын шығару кезінде бастапқы тексеру нәтижелерін тану туралы шешім қабылдайды.
Өлше құралдарын бастапқы салыстырп, тексеру (калибрлеу) нәтижелерін тану мына:
- өлшем құралдарының түрі бекітілген және Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесі тізіліміне енгізілген;
- шетел фирмасының метрологиялық қызметі экспорттаушы елдің ұлттық метрологиялық қызмет органы салыстырып, тексеру (калибрлеу) жұмыстарын жүргізуге уәкілетті берген немесе аккредиттеген;
- өлшем құралдарын салыстырып, тексеру (калибрлеу) фирма аясында қолданыстағы өлшем бірліктерін салыстырып, тексеруге (калибрлеуге) арналған нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылған;
- өлшем құралдары Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге арналған жағдайларда жүзеге асырылады.
Өлшем құралдарын бастапқы салыстырып, тексеруді (калибрлеуді) тану үшін өтініш беруші уәкілетті мемлекеттік органға құжаттардың мыналарды қамтитын жиынтығын ұсынады:
- өлшем құралдарын бастапқы салыстырып, тексеру (калибрлеу) нәтижелерін тануды жүзеге асыруға өтінім;
- ұлттық уәкілетті орган берген шетел фирмасы метрологиялық қызметінің аккредиттегені туралы сертификат немесе өз елінің шеңберінде өлшем құралдарына салыстырып, тексеру (калибрлеу) жүргізуге құқығын куәландыратын өзге құжат; шетел фирмасы метрологиялық қызметінің сапа жөніндегі басшылығы;
- мыналар туралы ақпаратты қамтитын шетел фирмасының метрологиялық қызметі туралы мәліметі:
- кадрлық құрам;
- салыстырып, тексеру (калибрлеу) құралдары (олардың тізбесі, метрологиялық және техникалық сипаттамалары, салыстырып, тексеру, калибрлеу туралы сертификаттар) мен өлшем керек-жарақтары, оның ішінде түпкілікті (бағынышьты) эталондар туралы;
- өндірістік үй-жайдың жай-күйі;
- ұйымдық құрылым туралы мәлімет;
- өлшем құралдарын салыстырып, тексеруге (калибрлеуге) арналған нормативтік құжаттар;
- Қазақстан Республикасына жеткізілетін өлшем құралдарын салыстырып, тексеру (калибрлеу) туралы сертификат (куәлік) үлгісі;
- олардың мөлшерлері мен қою орындары көрсетілген салыстырып, тексеру клеймоларының (калибрлеу белгілерінің) суреттері.
Өтініш берушінің техникалық құзіреттілігін салыстырып, тексеру нәтижелері өлшем бірліктерін бастапқы салыстырып, тексеру (калибрлеу) жүргізу жөніндегі өтініш берушінің техникалық құзіреттілігін салыстырып, тексеру актісімен ресімделеді.
Оң шешілген кезде шетел фирмасының метрология қызметі Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірліктерін қамтамасыз ету жүйесінің тізіліміне енгізіледі және бұл ақпарат өтініш берушіге хабарланады.
Өтініш берушінің өлшем құралдарын бастапқы салыстырып, тексеру (калибрлеу) нәтижелері олардың түрлерін бекіту туралы сертификаттың қолдану мерзімінде танылады.
|