Басқарманың негізгі қызметінің түрлері мыналар болып табылады:
1) халықты жұмыспен қамтудың өңірлік бағдарламаларын және басқа да әлеуметтік бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру;
2) халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік-еңбек қатынастары, еңбекті нормалау және еңбекақы төлемі мәселелері жөнінде ұйымдармен өзара іс-әрекет ету;
3) ішкі еңбек нарығын қорғау, кедейлікті жою, халықтың өмірлік деңгейін, табысын көтеру, еңбекақы төлеуді жетілдіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
4) аса мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдауды ұйымдастыру және қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету;
5) «Басқармада» және ведомстволық бағыныстағы әлеуметтік мекемелерде бюджеттік қаржылардың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету;
6) бағыныстағы медициналық-әлеуметтік мекемелердің және «ОҚО арнаулы кәсіптік лицейі» мемлекеттік мекемесінің қызметіне басшылық жасау;
7) аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қызметін үйлестіру, оларға ұйымдық-әдістемелік және іс-тәжірибелік көмек көрсету;
8) «Басқарманың» құзырындағы мәселелер бойынша өкілетті, атқарушы, құқық қорғау және бақылау органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, қайырымдылық қорларымен және басқа да құрылымдармен өзара іс-әрекет ету;
9) «Басқарманың» құзырындағы мәселелер бойынша кәсіпорындар мен ұйымдарға, мекемелер мен азаматтарға әдістемелік және конкультативтік көмек көрсету, түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
13. «Басқарма» өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Халықты жұмыспен қамту саласында:
1) халықты жұмыспен қамту жөніндегі облыстық бағдарламаны жасау және жүзеге асыру, жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын әзірлеуде қоғамдық бірлестіктер мен жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету;
2) білім жүйесін кадрларды даярлауға және еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кәсіби білім беруге бейімдеу жөніндегі шараларды жасау және іске асыру;
3) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ететін шараларды жасау және жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және реттеу;
4) еңбек нарығының мониторингі, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты теңестіру жөніндегі шараларды жасау, мүдделі органдармен бірлесіп кадрлар қажеттілігін анықтау және оларды жұмысқа орналастыру;
5) еңбектің ішкі нарығын қорғау мақсатында инвестициялық келісім-шарттардың жобаларын талқылауға қатысу, облыс аумағына шетел жұмыс күшін тарту қажеттілігі жөнінде қорытындыларды дайындау;
6) шетел жұмыс күшін пайдаланатын кәсіпорындардың қызметіне бақылау жүргізетін органдармен өзара іс-әрекет ету;
7) орталық атқарушы органның бөлген квотасы шегінде облыс деңгейінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды уақытша тоқтату және қайтарып алу;
8) кәсіби даярлауға және ақылы-қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және жұмыссыздарды қосымша әлеуметтік қорғау шараларына бөлінген қаржылардың жұмсалу тиімділігін талдау;
9) еңбек рыногында жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысын есепке алудың автоматтаындырылған анықтама-ақпараттық жүйелерін құру;
Еңбек қатынастары саласында:
10) әлеуметтік әріптестік мәселелері бойынша үш жақты келісімді дайындауға және жасасуға қатысу, олардың іске асырылуын бақылау;
11) барлық ұйымдастыру-құқықтық түрлердегі мекемелер мен ұйымдардаұжымдық шарттар мен тарифтік келісімдерді қабылдауда жұмыс берушілер мен қызметкерлерге әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;
12) меншік нысанына қарамастан таратылған кәсіпорындардағы, ұйымдар мен мекемелердегі қызметкерлерді жаппай босату жағдайында құрылатын комиссиялардың жұмысына қатысу;
13) еңбекті нормалау және төлеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, оның кәсіпорындар мен ұйымдардағы жағдайына талдау, оларды жетілдіру, аймақтық, салалық және басқа да коэффициенттердің нақты көлемдері туралы ұсыныстар әзірлеу;
14) көрсетілген қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және еңбегіне ақы төлеу жүйесінің параметрлерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен қарап келісім беру;
15) қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асыру;
16) еңбек және оның төлемдері, аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімдік жоспарын жасауға қатысу және орта мерзімдік жоспарды орындау үшін іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
17) бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау туралы заңдылықтардың бұзылуын ескерту жөніндегі жұмыстарға қатысу;
Халық пен мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында:
18) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің мамандандырылған ұйымдарын қолдауды қоса алғанда, мүгедектерді оңалтудың өңірлік бағдарламаларын әзірлейді және облыс әкімдігіне келісуге ұсыну;
19) мүгедектерді оңалтуды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер құруға ұсыныс беру;
20) мүгедектерді оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарды құруға ықпал ету;
21) ҚР заңнамаларына және мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді кәсіптік оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастыру;
22) мүгедектерді оңалту жөніндегі мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
23) ҚР «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес медициналық, әлеуметтік, кәсіптік оңалтуды ұйымдастыру;
24) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердің және мүгедек балалардың санаторий-курорттық емделуін қамтамасыз ету;
25) мүгедектерді оңалтудың кешенді бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз ету;
26) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
27) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
28) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен, аумақтық уәкілетті мәдениет органдарымен бірлесіп мәдени-көпшілік және ағарту іс-шараларын ұйымдастыру;
29) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмектің көрсетілуін үйлестіру;
30) өмірлік деңгейін көтеру, халықты әлеуметтік қорғаудың тиімділігі және мүгедектер мен басқа да
азаматтар санаттарын оңалту жөнінде бағдарламаларды жасау және іске асыру;
31) ҚР Еңбек кодексін, ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Балалы отбасыларына төленетін жәрдемақылар туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын, соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамаларды жүзеге асыру жөнінен аудандық, қалалық бөлімдердің қызметін үйлестіру;
32) мүмкіндіктері шектелген балаларды есепке алудың бірыңғай жүйесін құру, мүгедек балалары бар отбасыларға әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
33) Аралдағы экологиялық апаттан, ядролық қаруды сынаудан зардап шеккен азаматтарды және тұрғылықты мекен-жайы жоқ азаматтарды, ВИЧ-індетіне шалдыққан балалар мен олардың ата-аналарын әлеуметтік қолдау;
34) мүгедектерді әлеуметтік қорғау және мүмкіндіктері шектеулі балаларды медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау мәселелері бойынша басқа атқарушы органдармен өзара іс-әрекет ету;
35) бағыныстағы әлеуметтік мекемелердің қызметтерін ұйымдық және әдістемелік жағынан қамтамасыз ету;
36) қоғамдық ұйымдармен (ардагерлердің, мүгедектердің, Қазақ саңыраулар қоғамы, Қазақ соқырлар қоғамы және басқалары) проблемаларды шешу және ардагерлерге, мүгедектер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарға қызмет көрсетуді ұйымдастыруды одан ары жетілдіру мәселесі жөнінде өзара іс-әрекет ету;
37) еңбекке жарамсыз аз қамтамасыз етілген азаматтардың әлеуметтік жағдайларына талдау жасау және тиісті орындарға ұсыныстар дайындау;
38) атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын-үй жәрдемақыларын, санитарлық-гигиеналық және протез-ортопедиялық құралдарды, сурдо-тифлотехниканы, санаторлық-курорттық ем алушылардың жеке істеріне сараптама жасау;
39) азаматтардың ауызша және жазбаша шағымдарымен жұмыс істеу;
40) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты және «Басқарманың» осы саладағы қызметін БАҚ-да насихаттау;
41) «Басқарма» ережелерін, әлеуметтік мекемелердің жарғыларын дайындау, өзгертулер мен толықтырулар енгізу, оларды әділет органдарында тіркеуден өткізу;
42) ҚР заңнамаларында қаралған тәртіп бойынша бағыныстағы әлеуметтік мекемелерде тұруға мұқтаж азаматтардың іс-әрекетке қабілеттілігін анықтау бойынша құжаттарды тексеру;
43) әр-түрлі инстанцияларда аз қамтамасыз етілген азаматтардың мүліктік және басқа да мүдделерін қорғау;
44) «Басқарма» мен бағыныстағы әлеуметтік мекемелердің қызметтерінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
45) сотта және басқа да органдарда бекітілген тәртіпке сай құқықтық мәселелер қаралғанда «Басқарма» мүддесін қорғаушы өкілдікті қамтамасыз ету;
46) еңбек, азаматтық және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларының мәселелері бойынша азаматтарды, «Басқарма» және бағыныстағы әлеуметтік мекемелердің қызметкерлерін қабылдап, кеңес беруді жүзеге асыру;
47) Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметке лицензиялауды іске асыру;
Бюджеттік жоспарлау мен бухгалтерлік есеп және есеп беру саласында:
48) бюджеттік бағдарламалардың паспорттары мен бюджеттік тапсырыстарды өңдеу, бағдарламалар мен мекемелер бойынша қаржыландыру жоспарының төлем мен міндеттемелерін құру, департамент аппараты мен бағыныстағы әлеуметтік мекемелердің штаттық кестелерін құру, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлау;
49) Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп туралы» Заңына, нұсқаулықтарға және жекелеген нормативті құжаттарға сәйкес бухгалтерлік есеп пен есеп берудің дұрыс ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
50) ашық қаржы бөлінуіне сәйкес қаржылардың дұрыс және үнемді жұмсалуына, олардың мақсатты тағайындалуына және ақшалай қаражаттар мен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау;
51) облыстық бюджеттен қаржыланатын бағдарламалар мен бағдарламашалардың әкімгерлік міндеттерінің орындалуы;
52) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының «Басқармада» және бағыныстағы әлеуметтік мекемелерде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
53) бағыныстағы әлеуметтік мекемелердің қызметін қаржылық қамтамасыз ету.















