| |
|
|
147.33148.07
190.13193.89
4.8324.934
|
|
|
|
|
Галерея
|
|
|
 |
|
ОҚО-дағы өнеркәсіп ахуалы туралы жалпы мағлұмат
2009 жылдың қаңтар-қарашадағы
Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп жағдайы туралы
ақпарат
Өнеркәсіп - экономиканың негізін қалаушы және айқындаушы секторлерінің бірі болып табылады.
Көп салалы өндіріске, өнім көлемін өсіруге бағытталған, сондай-ақ, шығарылатын өнім сапасын жақсартатын, оның бәсекелестік қабілетін бүгінгі күннің талабына сай арттыратын, тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорын - облыс экономика өсуінің кепілі болып табылады.
Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарының өндірген өнімдерінің көлемі республика өнімінің 3,0%-ын құрайды. Облыс бойынша мақта талшығын өндіру республикалық көлемнің 100%-ын, трансформатор – 97,6%-ын, фармацевтикалық дәрі-дәрмектер – 71%-ын, бензин – 33,1%-ын, мазут – 25,4%-ын, сыра – 16,8%-ын, цемент – 16,3%-ын, керамикалық құрылыс кірпіші – 21,6%-ын, ұн – 17,2%-ын, күнбағыс өсімдік майы – 12,7%-ын құрап отыр.
2009 жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша облыста 2191 өнеркәсіп кәсіпорындары тіркелген, оның ішінде, кен өндіру саласында – 145 кәсіпорын, өңдеу өнеркәсібінде – 1786, электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу секторында – 260.
Өнеркәсіп саласында жұмыс істейтіндердің саны 39,0 мың адамды құрайды, орташа айлық жалақысы - 64691 теңге, кен өндіру саласында жұмысшылар саны - 6,1 мың адам, орташа айлық жалақысы - 150636 теңге, өңдеу өнеркәсібі саласында жұмысшылар саны – 24,9 мың адам, орташа айлық жалақысы - 48788 теңге.
2009 жылдың қаңтар-қараша айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында қолданыстағы бағамен 223527,1 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2008 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі – 105,8% құрады.
Кен өндіру өнеркәсібінде 47580,7 млн.теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2008 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 63%-ға артық.
Қазіргі уақытта, еліміздің экономикалық бағытын өндіру салаларын басымды дамыту саясатынан өнеркәсіптің өңдеу және қайта өңдеу, бірінші кезекте ғылыми-техникалық әлеуетін қарқынды ұлғайту жолына қарай түпкілікті өзгерту жұмысы басталды.
Өңдеу өнеркәсібі облыс бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 69% құрайды және тұтастай алғанда өнеркәсіптің жұмыс қорытындысына да елеулі әсерін тигізеді. Сала кәсіпорындарымен 154235,6 млн.теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2008 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 102,8% құрады.
Сонымен қатар, өнеркәсіп жағдайының талдауы көрсеткендей өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемінде оң қарқын байқалды.
Азық-түлік өнімінің өндірісі 80936,7 млн.теңгені құрады немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 114,8% құрады.
Целлюлоза-қағаз өнеркәсібі; баспа ісі саласында 1959,6 млн.теңгеге өнім өндірілді немесе 2008 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге өсті.
Резина және пластмасса бұйымдарын өндіруі 3317,5 млн.теңгені құрады немесе 28,4 пайызға жоғары.
Сонымен бірге, өнеркәсіп өнімінің өндірісінде келесідей төмендеулер байқалуда:
Химия өнеркәсіп өндірісінде 8160,5 млн.теңгеге өнім өндірілді немесе 13,8%-ға төмен.
Тоқыма және тігін өнеркәсібінде 6077,5 млн.теңгеге өнім өндірілді немесе 77,1% құрайды. Оның ішінде: «Меланж» АҚ-ның 33,6% өндіріс кеміген, «Ютекс» АҚ – 49,7%- ға (шығарылатын өнім түрінің жылжуынан), «Восход Фирмасы» ЖШС-59,2%-ға (жұмыс көлемінің шектелуінен) кеміген және басқалар.
Мұнай және ядролық өнімдерін өндірісінде 25316,3 млн.теңгеге өнеркәсіп өнімі шығарылды, бұл 2008 жылдың қаңтар-қарашадағы деңгейден 2,8%-ға төмен. Өндірістің кемуі негізінен мұнай өнімдерін кем (9,4%-ға) өндіруінен болды.
Металлургия өнеркәсібі және дайын бұйымдарын өндіруде 4163,5 млн.теңгеге өнім өндірілді немесе 81,2% құрады. «Южполиметалл» ӨК» АҚ тазартылған қорғасын өндірісінің 85%-ға кемуі (шикізаттың және жеке айналым қаражатының жетіспеушілігі).
Машина жасау саласында жыл басынан бері 10405,8 млн.теңгеге өнім өндірілді немесе 91,5% құрады. «Карданвал» АҚ – 91,5%-ға (жеке айналым қаражатының жетіспеушілігі), «Трансформатор зауыты» АҚ – 24,7%-ға (жұмыс көлемінің шектелуінен) төмендеген.
Электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу көлемі 2008 жылдың қаңтар-қарашадағы деңгейден 4,3% өсіп, 21710,8 млн.теңгені құрады.
Өнеркәсіптің негізгі капиталына бағытталған инвестиция салымы 59,3 млрд.теңгені құрады.
2009 жылдың 1 желтоқсанына жаңа кәсіпорындардың ашылуы және өндірістің кеңеюі есебінен облыстың 25 ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарында 1612 жұмыс орны ашылды, оның ішінде «Барыс-2007» ЖШС-нде («Мадина» макарон өнімдері) 120 жаңа жұмыс орны ашылды; «Жана Акдала» ЖШС-нде (томат пастасы) жұмысқа 90 адам тартылды; «Хамит» СТК-те (тоңазытылған және ысталған балық, балық филесі) 150 жаңа жұмыс орны ашылды.
|
|
|
|