|
Некені бұзу
Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңына және "Азаматтық хал-ахуалды тіркеу тәртібі туралы" Ережеге сәйкес неке ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша бұзылуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы № 620 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасындағы азаматтық хал-актілерін тіркеу тәртібі туралы ереже Ажырасуға келісім жазбаша түрде (өтініш беру) азаматтық хал актілерін жазу органдарына беріледі. Егер де ажырасу жөніндегі өтініш органдарында қарастырылуы тиіс болса, онда ол ерлі-зайыптылардың АХАЖ органының мекен-жайы немесе некенің мемлекеттік тіркеу мекен-жайы бойынша қарастырылады. Ерлі-зайыптылардың арасында жалпы дүниемүлкін бөлу, мүгедек жұбайын асырауға қаржы төлеу сияқты туатын таластар азаматтық хал актілерін жазу органдарында ажырасқанына қарамастан, сот тәртібі бойынша қарастырылады. Сот тәртібі бойынша некенің бұзылуы ерлі-зайыптылармен ажырасу жөнінде өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған балалары жоқ, ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша некенің АХАЖ органдарында бұзылуы Кәмелетке толмаған балалары жоқ, ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша некенің АХАЖ органдарында бұзылуы ерлі-зайыптылардың некені бұзу туралы бірлескен өтініші негізінде жүзеге асырылады. Некені бұзу туралы өтінішінде ерлі-зайыптылар (неке бұздың жазу актілеріндгі қолдарымен) некені бұзуға келісімі мен он сегіз жасқа толмаған балаларының жоқ екенін растайды. Кәмелетке толмаған балалары бар, ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша некенің АХАЖ органдарында бұзылуы Егер: Кәмелетке толмаған ортақ балалары, туған не бірлесіп асырап алған балалары болса онда неке сот тәртібі бойынша бұзылады Жұбайының біреуінде әуелгі некеден кәмелетке толмаған балалары болса және оларды жұбайының біреуі бауырына салса Некені бұзуға келісім берген ерлі-зайыптылардың арасында олардың ортақ меншігі болып табылатын мүлікті бөлу, мүгедек жұбайына төлемақы төлеу жөнінде таластар пайда болса, онда неке бұзу мәселесі сот тарапынан қарастырылады. Ерлі-зайыптылардың біреуі қарсы болмауына қарамастан, өзінің әрекеттілігімен не әрекетсіздігімен АХАЖ органдарында некені бұзуға бас тартса, (тиісті өтінішті ұсынуға бас тартса, немесе өтінішті беріп, ажырасуды тіркеуге келмесе, бұл ретте оның жоқ болуы кезінде неке бұзуды тіркеуге өтінім бермесе) немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің тұрғылықты мекен-жайы белгісіз болғанда неке сот тәртібі бойынша бұзылады. Ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша некенің бұзылуы Егер: Сот арқылы еш хабарсыз болып танылса; Сотпен ақылының кемдігінен қабілетсіз болып танылса; Қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан үш жылдан кем емес мерзімге дейін сотталса; Ерлі-зайыптылардың біреуі заңмен белгіленген тәртіп бойынша хабарсыз кеткен болып танылса, қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан үш жылдан кем емес мерзімге дейін сотталса. Хабарсыз кеткен, қабілетсіз немесе сотталған тұлғаның некесін бұзу Некені бұзу туралы өтінішке сотпен ақылының кемдігінен қабілетсіздігін дәлелдейтін заңды күшке енген сот шешімінің үзіндісі немесе көшірмесі қоса беріледі. Ерлі-зайыптылардың біреуін қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан үш жылдан кем емес мерзімге дейін сотталғанын дәлелдейтін заңды күшке енген сот шешімінің үзіндісі немесе көшірмесі сонымен қатар неке туралы куәлігінің көшірмесі беріледі. Егер сотталған ерлі-зайыптылардың біреуі не қабілетсіз жұбайының жебеушісі балалар туралы, ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіндегі мүлкі туралы не қабілетсіз жұбайларының біреуіне төлемақы төлеу туралы талас туғызса, онда неке сот тәртібі бойынша бұзылады. Шетел азаматтарымен некенің бұзылуы және Қазақстан Республикасында шетел азаматтары арасындағы некенің бұзылуы Қазақстан Республикасының территориясынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының территориясынан тыс жерде тұратын жұбайымен азаматтығына қарамастан, Қазақстан Республикасының сотымен некені бұзуға толық құқығы бар. Қазақстан Республикасының азаматтары арасында және шетел азаматтарымен немесе азаматтығы жоқ тұлғалармен Қазақстан Республикасының территориясынан тыс жерлерде тиісті шетел мемлекетінің заңын сақтауымен некенің бұзылуы Қазақстан Республикасында заңды болып табылады. Некені бұзу үшін қажетті құжаттар өтініш; неке туралы куәлік; мемлекет салығы Халық банкі бөлімдеріне төленеді: өзара келісім бойынша – 2.184 тг. (200% АЕК); сот шешімімен – 1638 тг. (150% АЕК); хабарсыз кеткен, мүмкіндігі шектеулі немесе бас бостандығынан айырылған орындарда болған жағдайда – 109, 20 тг. (10% АЕК). Назар аударыңыз! Мемлекет салығы ерлі-зайыптылармен сот шешіміне сәйкес төленеді: Егер мемлекет салығын төлеу сот тарапынан ерлі-зайыптылардың екеуіне де міндеттелсе, онда неке бұзу тіркеуі кез келгеннің өтініші бойынша жүзеге асырылады бірақ некені бұзу куәлігі тек қана мемлекет салығын төлеген ерлі-зайыптылардың біреуіне төленеді. Ерлі-зайыптылардың екіншісіне некені бұзу туралы куәлігі мемлекет салығын төлегеннен кейін және түбіртекті ұсынғаннан кейін беріледі. Ерлі-зайыптылардың біреуі мемлекет салығының бекітілген сомасын төлеген жағдайда немесе оны төлеуден босатылса, некені бұзу тіркеуі мемлекет салығын ерлі-зайыптылардың төлеуіне қарамастан жүзеге асырылады. Ақпарат көзі: е-gov.kz\Жанұя\ Некені бұзу
|