Созақ ауданының солтүстігіндегі апайтөс далаға өлкеміздің көркі саналатын емдік қасиеті мол, Қызылкөл сән беріп тұр.
Шардара, Бөген суқоймалары - жаз маусымында шомылып, демалуға таптырмайтын орын. Сырдария мен Арыс өзендері бойларында да демалыс үшін жағдай туғызылған.
Қаланың Тянь-Шань тау бөлігінде жақын орналасқан оңтүстік қазақстандықтарға және қонақтарға таза ауамен демалуға, түрлі маршруттармен ләззат алуға мүмкіндік береді. Мұндай маршруттар Сайрам су шатқалында көп жасалынған. «Альтекс» кемпингіне дейін жол талғамайтын автокөлікпен жеткен дұрыс. Лагерде арнайы жасақталған туристік үйшіктер бар. Бұдан бөлек кемпингте қайың сыпырғыштармен, хош иісті майлары бар екі нағыз орыс моншасы бар. Ыстық моншадан шыға салысымен, мұздай тау өзеніне сүңгіп, өзіңді қайта туылғандай сезінуге болады.
«Альтекс» тәжірибелі тау инспекторлары жұмыс жасайды. Ең шыдамды туристер Сайрам шыңына шыға алады, бұл теңіз деңгейімен 4263 м биіктікте.Жаға жайлы туризммен айналысатындар көлге түсіп, тау сарқырамаларын тамашалап, жартастардағы петроглифтермен таныса алады.
Сайрам суға жасалынған бір қадам – шыңына шыға алады өмірлік әсер қалдырады.
Қазығұрт тауының (Талас Алатауының оңтүстік-батыс жотасы) қойнауында. «Ақбура әулие», «Атабұлақ», «Тесіктас» үңгірі, «Қырық қыз» тас бейнесі сияқты тарихи орындар бар. Қазығұрт тауының (биіктігі 1768 м) өзі аңызға айналған. Қазақ халқы үшін ол Кавказдағы Арарат тауы сияқты киелі саналады.
Жерді топансу басқан дәуірде Нұқ пайғамбар кемесі осында да болған. Айтпақшы, аңыз-әңгімелердегідей, Нұқ кемесі әлемнің әртүрлі жеріндегі біраз таулардың төбесіне бірнеше мәрте аялдаған көрінеді.Қазығұрт соның - екіншісі, оның ең көне атауы - «Кеме қалған шыңы». Қазығұрт туралы аңызды өз шығармаларына Абай да, Мағжан Жұмабаев та арқау етті.