|
Мемлекеттік баж салығын төлеу ерекшеліктері
Мемлекеттік салық мыналарға төленеді:
- сәйкес өтініш пен аппеляциялық шағым, сот бұйрығын айту туралы өтініш бергенге, сонымен қатар сот арқылы құжат көшірмелерін беруге дейін, - сотпен қаралатын істер бойынша;
- нотариалды әрекеттер жасау, сонымен қатар орындалған нотариалды әрекеттерді тіркеу кезінде құжаттар көшірмесі, екінші нұсқаларын беру;
- азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін, сәйкес өтініштер бергенде азаматтық хал актілерін жазбаларына түзетулер мен өзгерістер енгізу үшін, сонымен қатар оларды берудегі куәліктер мен анықтамаларды қайталап беру;
- кәмелет жастағы баласы жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімдері бойынша, актіні тіркеу кезінде некені бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін;
- сәйкес құжаттар берілгенге дейін азаматтардың тұрғылықты мекенін тіркеу үшін;
- Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін беру үшін, азаматтығы жоқ тұлғаларға куәлік, сәйкес құжаттарды алғанға дейін Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарына тұру орнын беру;
- Жүргізуші куәлігі, тракторист-машинист куәлігі, механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беруге, сәйкес құжаттар бергенге дейін мемлекеттік тіркеу номерлері мен мемлекеттік тіркелген номер белгілерін беру үшін;
- Сәйкес құжаттар берілгенге дейін - аң аулауға рұқсат беру үшін;
- Сәйкес құжаттар берілгенгге дейін жоғалу қаупінде тұрған аң түрлері мен бекіре тұқымдас балықтарды, сонымен қатар олардың бөлігі мен дериваттарын әкелу және әкетуге рұқсат беру үшін;
- сәйкес құжаттар берілгенге дейін қарулар мен олардың оқтарын сақтауға және алып жүруге, көлікке тиеуге, Қазақстан Республикасы территориясына әкелуге рұқсат беруге;
- сәйкес құжаттар берілгенге дейін жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруларының әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу үшін (аңшылық суық қару, сигналдық, отпен атылатын қару, механикалық шаңдатқыш, жас шығаратын немесе тітіркендіретін заттармен оқталған аэрозольдік және басқа да құрылғылар, 7,5 Дж екпінді энергиялық және 4,5 мм дейінгі калибрлі пневматикалық қарулар);
- сәйкес құжаттар берілгенге дейін Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға немесе азаматтықты жоюға байланысты, сонымен қатар Қазақстан Республикасынан шығу және келу істері бойынша;
- апостиль бергенге дейін – мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігімен мемлекеттік органдар арқылы апостиль қою үшін;
- сәйкес құжаттар берілгенге дейін алдын ала патент, патенттер, куәліктер, сертификаттар, келісім-шарттарды тіркеу, аттестациялау мен патенттік өкілдіктерді беруге байланысты зияткерлдік меншік аясындағы заңдық маңызы бар әрекеттерді өкілетті органдардың атқаруына.
|