Header
kazruseng
Akimat
ГлавнаяArhivnovosteiGossimvoliAntikrizisnie_meropriyatiyaGoszakupki

  title
147.33148.07
190.13193.89
4.8324.934

Жалобы

Салауатты Қазақстан

support

our_products

organs

Сервисы

Сервисы


Біздің сауалнама
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету кезіндегі ең маңызды бағыттарын атаңыз?
ЕҚЫҰ-ның басқа халықаралық және аймақтық құрылымдармен ынтымақтастығы
-------------------------------
Экологиялық мәселелерді шешу
-------------------------------
Демократияландыру мен азаматтық қоғамның мәселелерін алға жылжыту
-------------------------------
Көліктік ынтымақтастықты кеңейту
-------------------------------
Қауіпсіздікке төнетін қауіпке қарсы аймақаралық ынтымақтастық

 

 

s

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі
аппараты басшысының
2009 жылғы «25» маусымдағы
№ 162 бұйрығына қосымша

 Оңтүстік Қазақстан облысы ассамблеясының хатшылығы туралы
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

1. Оңтүстік Қазақстан облысы  ассамблеясының хатшылығы (әрі қарай - Хатшылық) облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Хатшылық өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңын және  басқа да нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан халқы Ассамблеясы және облыс ассамблеясы сессияларының шешімдерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін басшылыққа алады және осы Ереженің негізінде әрекет етеді.

3. Хатшылықтың штаттық саны және құрылымы облыс әкімі аппаратының штаттық құрылымымен және штаттық кестесімен белгіленеді. Хатшылық қызметкерлерін лауазымға тағайындау және босату заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Хатшылықтың  мақсаттары, міндеттері
және қызметінің негізгі бағыттары

1. Хатшылықтың мақсаттары болып мыналар табылады:
1)ұлтына және діни сеніміне қарамастан  барлық азаматтардың тең мүмкіндіктері принципіне негізделген мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асыру;
2)қоғамда тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді және  толеранттықты нығайту;
3) қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірдейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде этносаралық келісімді қамтамасыз ету;
4)демократиялық нормаларға сүйенген азаматтардың саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
5)Қазақстан Республикасының беделін түсіретін іс-әрекеттердің, сөздер мен пікірлердің  жолын кесу және алдын алу.

2. Хатшылықтың қызметі мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:
1)этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
2)халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;
3)қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;
4)Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;
5)Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту.

3. Хатшылық қызметінің негізгі бағыттары болып мыналар табылады:  
1) мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу;
2) қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға жәрдемдесу;
3) мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;
4) облыста этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін насихаттау;
5)этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, қақтығысты жағдайларды болдырмау жөнінде ұсынымдар әзірлеу және практикалық шараларды іске асыру және оларды шешуге қатысу;
6)этномәдени қоғамдық бірлестіктерге әдістемелік, ұйымдастырушылық және құқықтық көмек көрсету;
7) этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау;
8)Қазақстанның басқа да этностарына өздерінің тарихи отанымен байланысын дамытуға жәрдемдесу;
9)Қазақстан халқы Ассамблеясының орта мерзімді кезеңге арналған стратегиясын жүзеге асыру (2011 жылға дейін);
10)этносаралық келісімге жәрдемдесетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызмет.

3. Хатшылықтың функциялары мен құқықтары

1.Хатшылық облыс әкімі аппаратының құрамына кіретін, қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттелетін облыс ассамблеясының жұмыс органы болып табылады.
2. Хатшылықты сонымен бір мезгілде облыс ассамблеясы төрағасының орынбасары болып табылатын Хатшылық меңгерушісі басқарады.
3. Сессиялардың, Кеңестің шешімдері және Ассамблея Төрағасының тапсырмалары Хатшылық үшін міндетті болып табылады.
4. Хатшылықтың негізгі функциялары:
1) облыс ассамблеясының қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету, оның ішінде облыс ассамблеясының қызметін сараптамалық-талдамалық және ақпараттық тұрғыдан қолдау;
2) елдегі этносаралық келісімге ықпал ететін халықаралық, республикалық және облыстық ғылыми-практикалық конференциялар, басқа да іс-шаралар мен акциялар өткізу;
3) мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз етуге және Ассамблеяға жүктелген міндеттерді іске асыруға бағытталған өзара іс-қимыл жасау болып табылады.

4. Хатшылықтың құрамы және оның қызметкерлерінің функционалдық міндеттері

1. Хатшылық басшыдан, бас және жетекші мамандардан тұрады.
2. Хатшылық басшысы:
1)Хатшылыққа жалпы басшылық жасайды және Хатшылыққа жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болады;
2)Хатшылықтың құзырына кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметі актілерінің орындалуына талдау жасауды және үйлестіруді ұйымдастыруды, әкімдік қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің және өкімдерінің, облыс әкімі және оның орынбасарларының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
3)Хатшылықтың жұмысын жоспарлайды және болжам жасайды, Қазақстан халқы Ассамблеясының орта мерзімді кезеңге арналған стратегиясын (2011 жылға дейін), «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын жүзеге асыру бойынша шараларды үйлестіруді ұйымдастырады;
4)облыстық Достық үйінің қызметін үйлестіреді және белгіленген тәртіпте облыс аумағында тіркелген этномәдени бірлестіктерге практикалық көмек көрсетеді;
5) этномәдени бірлестіктердің жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмысын қамтамасыз етеді, облыста тұратын этностардың тілін, мәдениетін және салт-дәстүрлерін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді;
6) облыс әкімі аппаратының бөлімдерімен, облыстық атқарушы органдармен және түрлі ведомстволар мен министрліктердің аумақтық басқармаларымен және облыстық мәслихат аппаратымен өзара іс-әрекет етуді ұйымдастырады;
7)оның құзырына кіретін мәселелер бойынша облыс әкімін ақпараттық-талдау материалымен қамтамасыз етеді, Хатшылықтың жұмыс жоспары бойынша мәжілістерге материалдарды әзірлейді;
8)өз құзырының шеңберінде қала және аудан әкімдері мен әкімдіктеріне, атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңдарын, нормативтік құқықтық актілерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындауды қамтамасыз ету бойынша орындалуы міндетті тапсырмалар береді;
9)Хатшылық мамандарының жұмысына бақылау жасайды, оларға тиісті тапсырмалар береді;
10)өз құзырының шеңберінде басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;
11)Хатшылық қызметкерлерін мадақтау немесе оларға тәртіптік жаза белгілеу туралы ұсыныстар енгізеді;
12)Хатшылықтың құзыретіне кіретін міндеттерді орындайды және мәселелерді шешеді;
13)Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығына Хатшылықтың жұмысы туралы ақпаратты, анықтамаларды және басқа да материалдарды уақтылы тапсырады;
14)жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды;
15)облыс ассамблеясының төрағасы құратын және басқаратын Алқалы орган облыс ассамблеясының Кеңесін құруға қатысады.
3. Бас маман мынадай міндеттерді атқарады:
1)Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне және Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығына ақпарат жолдайды;
2)облыс ассамблеясы сессияларының және жұмыс жоспарына сәйкес Хатшылықтың құзырына жатқызылған мәселелер бойынша басқа да мәжілістерге материалдарды әзірлейді;
3)облыстық ішкі саясат және тілдерді дамыту жөніндегі басқармаларымен бірлесіп жұмыс жүргізеді;
4)мәдени-көпшілік іс-шараларды, ғылыми-практикалық конференцияларды, «дөңгелек үстөлдерді», оқу-семинарларын әзірлеуге және өткізуге қатысады;
5)мәдени-ағарту, консультативтік-кеңестік жұмысты үйлестіреді;
6)Хатшылықтың жылдық  жұмыс жоспарларын әзірлеп, бекітуге ұсынады;
7)облыстық этномәдени орталықтар туралы мәліметтер базасын әзірлейді;
8)этносаралық жағдайды зерттеу бойынша жұмыс жүргізеді және социологиялық сұрау өткізеді;
9)ресми сұрау салады, олар бойынша уақтылы ақпарат пен ұсыныстар әзірлейді;
10) заңнамада белгіленген тәртіпте жеке және заңды тұлғалардың  өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарайды, олар бойынша ұсыныстар енгізеді;
11)Хатшылық басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды;
12)Хатшылық басшысы болмаған жағдайда оның міндеттерін атқарады.
4. Жетекші маман мынадай міндеттерді атқарады:
1)Хатшылықтың құзырына жатқызылған мәселелер бойынша жұмыс жоспарына сәйкес мәжілістерге материалдар әзірлейді;
2)кіріс корреспонденцияны тіркеуді жүргізеді;
3)облыстық этномәдени бірлестіктер және олардың облыс қалалары мен аудандарындағы филиалдары арасындағы өзара байланысты үйлестіреді;
4)облыстық этномәдени бірлестіктерге қатысты ақпараттық-талдау материалдарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
5)«Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асыру бойынша ақпараттық-насихаттық қамтамасыз етуге ықпал етеді;
6)этномәдени бірлестіктер жанындағы жастар қанаттарымен өзара іс-әрекет етеді;
7)этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттары туралы мәліметтер базасын қалыптастырады;
8)облыстық этномәдени бірлестіктер жанында жұмыс істейтін жексенбі мектептерінің, факультативтік сыныптардың жұмысын үйлестіреді және олар туралы мәліметтер базасын қалыптастырады;
9)облыс ассамблеясы және этномәдени бірлестіктердің жұмыс тәжірибесін үнемі зерттейді, қорытады және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратып отырады;
10)заңнамада белгіленген тәртіпте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарайды, олар бойынша ұсыныстар енгізеді;
11)Хатшылық басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды;
12)Хатшылықтың бас маманы болмаған жағдайда оның функционалдық міндеттерін орындайды.

Облыстық ассамблея
хатшылығының басшысы                                        Т. Құрманбаева







Poslanie

Akims's blog

Баннерлер
OSCE
ТАМОЖЕННЫЙ СОЮЗ
Электронное правительство
Библиотека нормативных правовых актов
Информационная система о товарах и услугах государств-членов ЕврАзЭС
Ассамблея ЮКО
ВОВ
Положение
Электронная сатистическая отчетность
www.goszakup.gov.kz
www.fingramota.kz
IFK
Регламент
С дипломом в село
Мин эконом развития
Қызметтер
Аэропорт
Темиржолы
Poster
Әкім | Президенттің Жолдаулары | Жаңалықтар мұрағаты | Әкімге сұрақ қою
s

Akorda.kz | Zakon.kz | Bnews.kz | E-gov.kz | www.government.kz | Облыстық басқармалары