Header
kazruseng
Akimat
ГлавнаяArhivnovosteiGossimvoliAntikrizisnie_meropriyatiyaGoszakupki

  title
146.93147.67
4.800

Жалобы

Салауатты Қазақстан

support

our_products

organs

Сервисы

Сервисы


Біздің сауалнама
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету кезіндегі ең маңызды бағыттарын атаңыз?
ЕҚЫҰ-ның басқа халықаралық және аймақтық құрылымдармен ынтымақтастығы
-------------------------------
Экологиялық мәселелерді шешу
-------------------------------
Демократияландыру мен азаматтық қоғамның мәселелерін алға жылжыту
-------------------------------
Көліктік ынтымақтастықты кеңейту
-------------------------------
Қауіпсіздікке төнетін қауіпке қарсы аймақаралық ынтымақтастық

 

 

s

Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқару кадрларының резерві туралы
ЕРЕЖЕ


    Резервке ниет білдіруші азаматтардың, ал нақты алғанда, Ереженің 20-тармағының 1,2,3,4-тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың, осы хабарлама жарияланған күннен бастап, уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық басқармасына мынадай құжаттарды тапсыруларына болады:
1) өтініш және толтырылған анкета;
2) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
3) қызмет тізімі;
4) соңғы жұмыс орнынан ұжымның алқалық қаруында мақұлданған қоғамдық мінездеме (ұсынымдар);
5) денсаулығының жағдайы туралы анықтама;  
6) 3x4 см. көлемдегі фотосурет.
Білімі, кәсіптік деңгейі, өз қызметінің жетістіктері мен нәтижелері және жеке қасиеттері (біліктілігін көтергені, ғылыми дәрежесі мен атағы туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми басылымдары) жөнінде қосымша ақпараттарды, жұртшылық пен халықтың пікірлерін, ұсынымдарын беруіне болады. Бұл ретте, жұртшылықтың пікірлері мен ұсынымдарына айрықша көңіл бөлінетін болады.
Кандидаттарға қойылатын талаптар:
1) соттылығының, әкімшілік және сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтарының болмауы;
2) кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, тәжірибесі;
3) саланы, өңірді білуі;
4) жүйелі талдау құра білуі, ойлауы мен проблемаларды шешу кешенінің өрістілігі;
5) арнайы тест арқылы тексерілетін зияткерлік қасиеттері;
6) іскерлік және кәсіби қасиеттерінің болуы;
7) адамгершілік  қасиеттері.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық басқармасының мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тәуке-хан даңғылы, 6, 105-бөлме.

 

 

 «БЕКІТЕМІН»
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі

________________________________
А.И. Мырзахметов
«__4_»_тамыз_ 2009 жыл

 

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысындағы
басқару кадрларының резерві туралы
ЕРЕЖЕ

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»
ҚР Мемлекеттік қызмет істері
 жөніндегі Агенттігінің
ОҚО бойынша басқармасының
 бастығы – Тәртіптік кеңес Төрағасы

________________________________
Б.Ф. Үркімбаев
«___»____________ 2009 жыл
Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқару
кадрларының резерві туралы
 ЕРЕЖЕ

Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқару кадрларының резерві – Оңтүстік Қазақстан облысының кадр әлеуетiн пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру, кадрларды iрiктеу кезінде демократия ќағидаттарын бекiту, Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне басқару кадрларын іріктеу,  мемлекеттік қызметшілердің тәртібін арттыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мен облыстың толыққанды дамуы мәселелерi жөнінде ұсыныстар әзірлеу мен енгізу маќсатында құрылады.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқару кадрларының резерві туралы ереже   саяси және мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервін жасақтау және мемлекеттік басшы лауазымдарға резервке тіркелген кәсіби даярланған, білікті азаматтарды ұсыну мәселелерін реттейді.

1. Жалпы ережелер

1. Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқару кадрларының резерві   осы Ережеде айқындалған тәртіппен түзілген тізімге деректері жүйеленіп енгізілген Қазақстан Республикасының азаматтарынан жасақталады.
2. Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқару кадрларының резерві:
1)  облыс әкімінің орынбасарлары;
2) аудан, қала әкімдері;
3) облыстық басқарма басшылары лауазымдарына  ұсыну үшін жасақталады.
3. Кадрлар резерві кандидаттарды іріктеу жөніндегі комиссияның шешімі бойынша жылына бір рет қаралады және мерзімді толықтырылып отырады.
4. Азаматтардың Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқару кадрларының резервінде болу мерзімі тіркелген күннен бастап бір жыл және кейіннен оны келесі жылға ұзарту немесе кандидатты кадрлар резервінен шығару жөнінде шешім қабылданады. Осы мерзім ішінде азамат Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқару кадрларының резервінде өзі орналасу үшін тіркелген  мемлекеттік басшы лауазымға тағайындалуы мүмкін.
Мемлекеттік басшы лауазымға тағайындау ең алдымен Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқару кадрларының резервінде тұрған кандидатуралар арасынан жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) кандидаттарды іріктеу жөніндегі комиссияның келісімімен  Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқару кадрларының резервіне кандидаттарды тіркеуге қажетті құжаттардың тізімін  және басшылары Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқару кадрларының резервіне тіркелуі мүмкін ұйымдарға (бұдан әрі – ұйымдар басшылары) қойылатын талаптарды бекітеді. 
6. Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқару кадрларының резервінде тұрған азаматтар (бұдан әрі – резервші) туралы деректер тиісті тіркеу нысандары толтырыла отырып, уәкілетті орган жасақтайтын жүйеленген тізімге енгізіледі.
Резервшілердің тізімі тұрақты түрде БАҚ-та жарияланып тұрады.  
7. Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқару кадрларының резервінде тіркелген мемлекеттік қызметшілер заңнамада белгіленген ретпен мемлекеттік басқару  органдарында ротациялаудан өте алады.

2. Кандидаттарды іріктеу жөніндегі комиссияны құру және оның қызметі

8. Кандидаттарды іріктеу жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) облыс әкімі құрады және ол  комиссия төрағасынан, комиссия төрағасының екі орынбасары мен мүшелерінен тұрады.
9. Комиссия төрағасы – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, комиссия төрағасының орынбасарлары уәкілетті органның басшысы және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып табылады.
10. Комиссияның жұмыс органы кадр саясаты мәселелерімен айналысатын уәкілетті органның мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету бөлімі болып табылады.
11. Комиссия отырыстары жұмыс жоспарына сәйкес, бірақ жылына кемінде екі рет өткізіледі. Комиссияның жоспардан тыс отырыстары Комиссия төрағасының шешімімен қажеттілігіне қарай өткізілуі мүмкін. Комиссия шешімдері комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болады.
12. Комиссия төрағасы:

  1. Комиссия жұмысына басшылық жасайды;
  2. Комиссияның жұмыс жоспарын бекітеді;
  3. Комиссия шешімдерінің жүзеге асуына бақылау жасайды.

13. Комиссия төрағасы болмаған жағдайда немесе оның тапсырмасы бойынша   төраға функцияларын комиссия төрағасы орынбасарларының бірі орындайды.
14. Комиссия мүшелері оның жұмыс жоспары, отырыстарының күн тәртібі және Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқару кадрларының резервіне  тіркеуге алуға қосымша кандидатуралар бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.
15. Комиссияның жұмыс органы оның қарауына қажетті материалдар мен құжаттарды ұсынады, Комиссияның жұмыс жоспарларының жобаларын, отырыстарының күн тәртібін дайындауды қамтамасыз етеді,  отырыстарының хаттамаларын ресімдейді.
16. Комиссияның шешімдері ашық дауыс бере отырып, жай көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
17. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған төраға немесе                                          төрағалық  етуші   және  отырысқа   қатысқан   комиссия   мүшелері   отырыс  
өткізілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қол қояды. Комиссияның Оңтүстік Қазақстан облысы басқару кадрларының резервіне тіркеу туралы шешімінде кандидат тіркеліп отырған нақты мемлекеттік басшы лауазым көрсетіледі.
18. Комиссия резервшіге оның белсенді өмірлік ұстанымы, енгізген нақты ұсыныстары үшін есептелген ұпайларын (балдарын) бекітеді.
19. Комиссия жұмысына облыстың танымалы құрметті тұлғалары тартылатын болады.

3. Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқару кадрларының резервіне тіркеуге кандидаттарды іріктеудің реті мен шарттары

20. Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқару кадрларының резервіне кандидаттарды іріктеу:
1) жергілікті атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары;
2) ұйымдар мен шаруашылық жүргізуші субьектілердің басшылары;
3) қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар ұсынатын кандидаттар;
4) өзін-өзі ұсынушылар арасынан жүзеге асырылады.
21. Комиссияның жұмыс органы жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларына, аудан, қала әкімдеріне және ұйымдардың бірінші басшыларына  Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқару кадрларының резервіне тіркеуге кандидатуралардың тізімдерін ұсынудың мерзімдері мен нысандары туралы хабарлайды.
22. Ереженің 20-тармағының  1) тармақшасында  көрсетілген тұлғалар Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқару кадрларының резервіне іріктеуге қатысу үшін облыс, қала және аудан әкіміне немесе мемлекеттік орган басшысына өтініш береді. Олар бұл кандидатураларды тиісті әкімдіктің немесе мемлекеттік орган алқасының отырысында қарау үшін ұсынады.   
23. Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқару кадрларының резервіне іріктелетін кандидаттардың өтініштерін облыс, қала және аудан әкімдіктері немесе мемлекеттік органның алқасы қарап, олардың отырыстарының қорытындысы бойынша ұсынымдық сипаттағы шешім қабылданады. Қажетті құжаттар мен ұсынымдарды Комиссияның жұмыс органына жолдау жөніндегі түпкілікті шешімді облыс, қала немесе аудан әкімі не болмаса жергілікті мемлекеттік органның басшысы қабылдайды.
Мемлекеттік органда алқа болмаған жағдайда, қажетті құжаттар мен ұсынымдарды Комиссияның жұмыс органына жолдау туралы шешімді  осы мемлекеттік органның басшысы қабылдайды.
24. Ереженің 20-тармағының  2), 3) және 4) тармақшаларында  көрсетілген тұлғалар Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқару кадрларының резервіне кандидаттарды іріктеуге қатысу үшін Комиссияның жұмыс органына өтініш береді. 
25. Ұсынылған кандидатураларды қарау қорытындысы бойынша Комиссия  Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқару кадрларының резервіне тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдап, ол жөнінде тиісті хаттама ресімделеді және Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне ұсынылады.   
26. Қала немесе аудан әкімдерін, мемлекеттік органдар басшыларын және кандидаттарды Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқару кадрларының резервіне тіркелгені немесе тіркеуден бас тартылғаны туралы хабарлауды Комиссияның жұмыс органы  жүзеге асырады. 
27. Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқару кадрларының резервіне тіркеу үшін азаматтар уәкілетті органға төмендегідей құжаттар тапсырады:
1) өтініш және толтырылған анкета;
2) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
3) қызмет тізімі;
4) соңғы жұмыс орнынан ұжымның алқалық қаруында мақұлданған қоғамдық мінездеме (ұсынымдар);
5) денсаулығының жағдайы туралы анықтама;  
6) 3x4 см. көлемдегі фотосурет.
28. Білімі, кәсіптік деңгейі, өз қыметінің жетістіктері мен нәтижелері  және жеке қасиеттері (біліктілігін көтергені, ғылыми дәрежесі мен атағы туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми басылымдары) жөнінде қосымша ақпараттарды, жұртшылық пен халықтың пікірлерін, ұсынымдарын беруіне болады. Бұл ретте, жұртшылықтың пікірлері мен ұсынымдарына айрықша көңіл бөлінетін болады.
29. Кандидаттарға қойылатын талаптар:
1) соттылығының, әкімшілік және сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтарының болмауы;
2) кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, тәжірибесі;
3) саланы, өңірді білуі;
4) жүйелі талдау құра білуі, ойлауы мен проблемаларды шешу кешенінің өрістілігі;
5) арнайы тест арқылы тексерілетін зияткерлік қасиеттері;
6) іскерлік және кәсіби қасиеттерінің болуы;
7) адамгершілік  қасиеттері.

4. Кандидаттардың кәсіби және моральдық-психологиялық
қасиеттерін бағалау өлшемдері

         30. Кандидатты он ұпайлық жүйе бойынша бағалау өлшемдері:
         1) облыстың және республиканың қоғамдық-саяси өміріне қатысу;
2) облыстың және республиканың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жөнінде нақты ұсыныстар енгізуі;
3) тәлімгерлік (жас кадрларға тәжірибені өткізу);
4) біліктілігін арттыруы;
5) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдары, шығып сөйлегендері;
6) қызметінің өнімділігі;
7) өмірлік ұстанымдарының белсенділігі ардагерлердің, жастар мен жұртшылық өкілдерінің бірыңғай пікірлерімен ескеріледі (бағалау нысаны: белсенді және/немесе енжар).

5. Басқару кадрлары резервін оқытуды ұйымдастыру

31. Резервшілер Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқару кадрларының резервінде тұрған кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оқуға, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік органдарға тағылымдамадан өтуге жіберілуі мүмкін.
32. Кадрлар резервін оқыту болашақ басқару кадрларының тиімді жұмыс істеуі үшін мемлекеттік қызмет саласындағы теориялық білімдері мен дағдыларын жаңарту мақсатында жүргізіледі.
33. Кадрлар резервін оқытуды облыстық бюджет қаражаты есебінен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді даярлау орталығы жүзеге асырады. Оқуға деген қажеттілікті Комиссияның жұмыс органы айқындайды.
34. Кадрлар резервін оқыту үшін үш күннен бес күнге созылатын қысқа мерзімді оқу курстары белгіленіп, олар кандидат басқару лауазымына резервке тіркелген күннен бастап 2 айдың ішінде өткізіледі.
35. Оқу Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты және                         Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің басқармасы бекіткен бағдарламалар бойынша жүргізіледі.
Бағдарламалар мемлекеттік қызметті және мемлекетте саяси-әкімшілік қызметті ұйымдастырудың әлемдік және отандық бейімделген тәжірибесін, сондай-ақ мемлекеттің экономика, құқық, идеология сияқты перспективалық салаларын қамтиды.
36. Оқу бағдарламаларын табысты меңгерген резервшілер оқығанын  растайтын құжат алады.               

6. Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқару кадрларының резервінен резервшіні шығару
 
37. Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқару кадрларының резервінен резервшіні шығару төмендегідей жағдайларда жүзеге асырылады:

    • резервші Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқару кадрларының резервінде орналасуға тұрған мемлекеттік басқару лауазымына тағайындалғанда;
    • резервші өзін Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқару кадрларының резервінен шығару туралы өтініш бергенде;
    • осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген мерзім аяқталғанда;
    • резервшінің қасақана жалған ақпараттар ұсынғанын растайтын деректер анықталғанда;
    • «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының               26-бабы мен 27-бабының 1-тармағында көзделген негіздерде мемлекеттік қызметін тоқтатқанда;
    • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағанда;
    • соттылығы болғанда. 

 







Poslanie

Akims's blog

Баннерлер
OSCE
ТАМОЖЕННЫЙ СОЮЗ
Электронное правительство
Библиотека нормативных правовых актов
Информационная система о товарах и услугах государств-членов ЕврАзЭС
Ассамблея ЮКО
ВОВ
Положение
Электронная сатистическая отчетность
www.goszakup.gov.kz
www.fingramota.kz
IFK
Регламент
С дипломом в село
Мин эконом развития
Қызметтер
Аэропорт
Темиржолы
Poster
Әкім | Президенттің Жолдаулары | Жаңалықтар мұрағаты | Әкімге сұрақ қою
s

Akorda.kz | Zakon.kz | Bnews.kz | E-gov.kz | www.government.kz | Облыстық басқармалары